Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4035 0 пікір 6 Тамыз, 2015 сағат 11:41

КҮНКӨРІСТІҢ ШІЛДЕДЕГІ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІ 19 202 ТЕҢГЕ

2015 жылғы шілдеде еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 19 202 теңгені құрады. Бұл ретте негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2015 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда 2,4 пайызға, 2014 жылғы шілдемен - 2 пайызға төмендеген. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен хабарлаған.

ҚазАқпарат жазғандай, статистикалық мәліметтерге қарағанда, күнкөріс деңгейінің құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,6 пайыз, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,2 пайыз, жемістер мен көкөністерді - 12,2 пайыз, нан және жарма өнімдерін - 8 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2 пайызды құраған.

Сонымен қатар, күнкөріс деңгейінің құрылымындағы азық-түлік тауарларының үлесі 11 мың 521 теңгені, ал азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер үлесі 7 мың 681 теңгені құраған. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371