Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3489 0 пікір 6 Тамыз, 2015 сағат 02:00

ДАМУДЫҢ КІЛТІ - ІЗДЕНІСТЕ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам бiлiм саласын дамытуда нақты мiндеттер белгiлеп бердi. Осы тұрғыда Шымкент қаласында қолға алынып жатқан игiлiктi iстер көп. Үшiншi мегаполис атанған шаһардағы оқу орындарында бiрқатар соны жетiстiктер бар. Көрсеткiштер былайша сөйлейдi:

2014 жылы 387 интерактивтi тақта, 159 лингафон кабинетi, 47 биология, 63 физика, 57 химия кабинеттерi жабдықталып, 36 мектепте «е-1еаrning» электрондық оқыту жүйесi енгiзiлген. Бiлiм берудi дамыту бағдарламасының аясында 1494 мүмкiндiгi шектеулi бала инклюзивтi оқытумен қамтылды. Қаладағы 56 бiлiм мекемелерiнен кiрiктiрiлген (интегрирлi) сыныптар ашылып, 590 оқушы бiлiм алып, коррекциялық қолдау көрсетiлуде, 904 оқушы логопедтiк топтарда бiлiм алуда.

Былтыр Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге 3928 мектеп бiтiрушiсi қатысып, қала бойынша орташа балл 80,1-дi құрады. Бұл көрсеткiш 2013 жылға қарағанда 2 балға жоғарылаған. 2014 жылы 100 оқушы «Алтын белгi» иегерi атанып, 2013 жылмен салыстырғанда 44 оқушыға артты.

Салауатты өмiр салтын насихаттау және оқушылардың бос уақыттарын тиiмдi пайдалану мақсатында қазiр 1285 үйiрмеге 43 569 оқушы қатысуда. Ал, 415 спорттық секцияға 33 965 бала қамтылды.

Өткен жылы 29 мектеп, бiлiм саласындағы 3 әкiмшiлiк ғимараты күрделi жөндеуден өттi. Сонымен қатар, 2100 орынды 2 мектеп, 4 мектептiң қосымша құрылысы пайдалануға берiлдi.

Биыл 6 мектеп (№№21, 25, 41, 43, 44, 65) және 7 балабақшаға (№№24, 41, 69, 70, 75, 97, 118) күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.

Бүгiнгi таңда 5 900 орынды 9 мектептiң құрылысы жүргiзiлуде. Жылдың соңына дейiн жалпы саны 3 600 орынды 4 мектептi (Көкбұлақ ш/а – 300 орынды, Қаражол ш/а – 900 орынды, Сайрам ш/а – 1200 орынды, Бозарық ш/а – 1200 орынды) пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар 6 мектепке қосымша құрылыс жұмыстары жүргiзiлiп, 2015         жылы 3 мектептiң (№21 мектеп Қаратөбе ауылы – 300 орынды, №12 мектеп, «Жұлдыз» ш/а №79 мектеп) қосымша ғимараты биыл пайдалануға берiледi деп жоспарлануда.

Иә, дамудың кiлтi – iзденiсте. Шымкенттiктер шыққан шың мұнымен де шектелмесе керек.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371