Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4220 0 пікір 29 Шілде, 2015 сағат 16:53

Байқоңырдың жал ақысынан төлеп, Айымбетовті ұшырамыз

Бұған дейін Қазақтың үшінші ғарышкері атанатын Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуына "Роскосмос" басшысы Игорь Комаровтың ақы талап еткенін жазған едік. Қазақстан Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшқаны үшін Ресейге төленуі тиісті $20 млн қаражатты 2016 жылы Байқоңырдан жалға алынатын ақысы есебінен өтей алады, деп мәлім етті Инвестиция және даму министрлігінің Аэроғарыш агенттігінің төраға орынбасары Еркін Шаймағамбетов.

КазТАГ-тің жазуынша,  А. Айымбетовтың ғарышқа ұшырылуы үшін Қазақстан 1,1 млрд ресейлік рубль (шамамен $20 млн) төлейді, ол 10 күндік ғарыш сапары үшін төленетін ең төменгі құн.

«Осы шығын 2015 жыл бюджет шығындарында қарастырылмағаны себепті, оны ресейлік тарапқа 2016 жылы төлеу және Байқоңырды жалға беру ақысының есебінен, және басқа да көздерден төлеу мәселесі талқылануда», – деді Шаймағамбетов сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Өз кезегінде «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығы» АҚ (ҒЗЖТ)президенті Жұмабек Жантаев ғарышта Айдын Айымбетов нақты немен айналысатынын айтып берді.

«Ол Каспий өңірінің – жағалау мен теңіз айлағын – көмірсутектерімен ластануын зерттеу және мұнай құбырларына мониторингі жасау. Сондай-ақ ғарыштық бомедицина және ғарыштық биотехнологиялар саласында Айымбетов өзінің ағзасына гамма-сәулелердің ықпалын зерттейді. Оның үстіне ғарышкерлер Қазақстанда дайындалған азық-түлік тағамдарынан дәм татады, оның ішінде айран, ірімшік пен қазақша ет бар», – деген спикер.

Айта кетер болсақ,  Айдын Айымбетовтың ХҒС-қа ұшуы 2015 жылғы 2-12 қыркүйекке жоспарланған.

Еске салайық, Қазақстан Байқоңырды жалдау ақысына Ресейден жыл сайын 115 миллион доллар алады.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377