Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 7557 0 пікір 27 Шілде, 2015 сағат 15:52

ҚАРҒАЛЫ. ШЫҒЫН МҰҒАЛІМНІҢ ҚАЛТАСЫНАН ӨТЕЛЕ МЕ?

Қарғалы өзенінің арнасынан шығып, қатты тасығаны туралы ел іші тегіс құлағдар болса керек. Осы күндері 1758 адам, 352 техника тасқын су шайған жолдар мен үйлерді қалпына келтіруге кіріскен. Бүгін ертең Алматы облысы мен Қарағанды облысынан Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық гвардияның 270 жауынгері келеді деп күтілуде. Жалпы, апаттың салдарынан қираған нысандарды қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарына тартылған адамдардың арасында волонтерлар, яғни, азаматтық белсенділік тантып, жанашырлық көрсетіп, жанұшырып жүргендер өте көп. Тіпті, қаршадай балалардың өзі сусын тасып, жол көрсетіп, шамасы жететін іске қолғабыс тигізуде. Олардың елгезектігі қазір әлеуметтік желілерде үлкен әңгімелердің өзегіне айналып жатыр. Мысалы, Қарғалының 12 жасар тұрғыны Диас Әубәкіров жайында Тимур Нүсімбеков өзінің Facebook-тегі парақшасында былай дейді:

«Қарғалының 12 жасар тұрғыны Диас. Кішкентай батыр. Тау қонжығы. Ол тек сыртқы болмасымен ғана Тянь-Шань қонжығына ұқсас емес, оның күші мен әрекет етуі, өсіп келе жатқан қонжықтың ептілігі мен күшіне тең. Бұл бала сел жүргеннен кейінгі барлық күндерде құтқарушылар, еріктілер сонымен бірге әскерилермен тең дәрежеде жұмыс істеп ғана қоймай, кей уақытта олардан да басым түсті».

Су тасқыны 456 үйді алған, ол үйлердің 9-ы құлаған, 44 көшені су басқан, 32 көлік те табиғат апатына ұшырап, істен шыққан. Осы шығындарды қалпына келтіру үшін Үкімет тарапынан қаржат бөліне ме? Әрине, бөлінуі керек. Алайда, біздің редакциямызға қоңырау шалып, аты-жөнін атамауды өтінген бейтаныстың сөзіне сенсек, әлгі шығындарды қалпына келтіру үшін Алматы қаласындағы мұғалімдер мен дәрігерлердің бір айлық жалақасы ұсталатын көрінеді. Яғни, арнасынан тасып аққан Қарғалы өзені келтірген шығынды дәрігерлер мен мұғалімдер қалтасымен өтемек. Бұл қаншалықты рас сөз? Мәселенің мән-жайын алдағы күндері анықтай түсеміз.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338