Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4034 0 пікір 22 Шілде, 2015 сағат 17:15

АЛДАҒЫ ҮШ КҮНДЕ ЕЛДІҢ БАСЫМ ӨҢІРІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ

Қазақстанда алдағы 3 күнде Солтүстік пен Орталық өңірлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Еліміздің басым аумағында күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, тек республиканың оңтүстігінде күн ашық болады.

Түнде ауа температурасы 16 градусты көрсетсе, күндіз 25 градусқа дейін көтеріледі. Ал Оңтүстік, Шығыс өңірлерінде аптап ыстық сақталып, сынап бағанасы 35 градусқа дейін жетеді. “Астанада да жауын жауып, қолайсыз ауа райы аптаның соңына дейін сақталады”, – дейді синоптиктер.

“Алдағы тәулікте Астана қаласы бойынша ауа райы тұрақсыз болады. Кей кездері жаңбыр жауады. Ауаның түнгі температурасы – 15, 17. Күндізгі температурасы 26, 28 градусқа дейін барады. Батыс өңірлерде аптаның соңына қарай антициклонның енуіне байланысты жауын-шашын болмайды. Ауаның температурасы аздап төмендейді”, – дейді “Қазгидромет” РМК жетекші инженері Ләззат Керімова.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Жамбыл, күндіз Ақтөбе, Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Алматы облысында кей жерлерде 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстік Қазақстан өңірінде кей бөліктерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Күндіз Алматы, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде аптап ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы өңірлерінің басым аумағында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. 

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395