ЖЫЛ САЙЫН ӘЛЕМДЕ 800 000 АДАМ ӨЗ-ӨЗІНЕ ӨЛТІРЕДІ – ЮНИСЕФ
Жыл сайын жер бетінде 800 000 адам өзін-өзі өлтіреді екен. Ал, қолға алған шаралардың арқасында он бес жылда Қазақстандағы суицид саны 37 пайызға азайған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ)Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
Спикер атап өткендей, әлем елдері суицидпен күресудің сан түрлі әдісін ойлап тапса да, суицидтің де түрлері азаймай тұр. Соңғы жарты ғасыр уақытта әлем бойынша суицид дерті 60%-ға көбейген.
«Өзге елдермен салыстырғанда, Қазақстан Республикасында ондай қиын жағдай байқалмайды. Жалпы, соңғы жарты ғасыр уақытта әлем бойынша суицид дерті 60%-ға көбейген. Жыл сайын жер бетінде 800 000 адам өз-өзіне қол салады екен. Әсіресе, 10-24 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер осы әрекетке әуес келеді. Бұл ретте, балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактісі суицидке итермелейтін факторлардың бірі деп атауға болады. Он бес жылда Қазақстандағы суицид саны 37 пайызға азайған. Себебі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен қоғамы суицидтің алдын алу шараларына көп көңіл бөледі»,- деп атап өтті Ю.Оксамитный.
Абай-ақпарат