Сенбі, 12 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3381 0 пікір 20 Шілде, 2015 сағат 14:04

АЙЫМБЕТОВ ҒАРЫШҚА ИНЖЕНЕР БОЛЫП ҰШАДЫ

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің 2015 жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған ХҒС сапарындағы ұшу қызметі өзгерді. Tengrinews.kz-тің жазуынша, енді жерлесіміз "ғарыш сапарының мүшесі" емес, "№2 бортинженері" болды. Оның станция бортындағы міндеті 10 күнге созылады.

Осыған дейін Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Айымбетовтің міндеті ХҒС-те түрлі жұмыстар атқаратын ғарыш кемесін басқару, сонымен қатар, "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ ғылыми жобаларын жүзеге асыру екенін айтқан болатын.

Онымен бірге ХҒС-ға "Союз ТМА-18М" кемесі экипажының құрамында Сергей Волков пен Еуропа ғарыш агенттігінің өкілі Андреас Могенсен ұшады.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1801
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4605
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3626