Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3782 0 пікір 20 Шілде, 2015 сағат 11:54

АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫ АБАЙ ЕСІМІМЕН АТАЛСЫН

Қоғам белсендісі,  адвокат Жангелді Сүлейманов қазақстандық әуежайларға атау беруді ұсынды. Мәселен Алматы халықаралық әуежайына ағартушы-ақын Абай Құнанбаевтың есімін берген дұрыс деп санайды. Бұл туралы адвокаттың әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеме жасай отырып, http://www.nur.kz/ сайты хабарлайды. 

“Шарль де Голль” немесе “Кеннеди” деп аталған әуежайлар құлаққа жағымды естіледі. Біздің әуежайлардың болса ешқандай атауы жоқ. Бізде оған лайық ұлы қазақтар жоқ секілді көрінеді. Мен Алматы әуежайын Абай Құнанбаевтың атын берер едім. Ал Астана әуежайына Абылай ханның есімін беруге болады. Бірақ ең дұрысы қоғам арасында сауалнама жүргізіп, әуежайға лайықты атауын беру”, – деп жазды Сүлейманов Facebook  әлеуметтік торабындағы өзінің жеке парақшасында.

Заңгердің айтуынша, “пішін құрамына өз әсерін тигізеді, яғни әуежайдың атауы оның жұмысының сапасына игі әсерін тигізбек”.

Сол арада көптеген желі пайдаланушылар заңгердің бастамасын қолдайтынын білдіріп, тіпті, атауға қатысты өз ұсыныстарын жасады. Атап айтсақ, Қазақстан, Тұран, Мәңгі ел, Кенесары, Бигелдинов, Мәметова деген атауларды әуежайға беру ұсынылды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1283
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2829
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 931
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 875