Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3495 0 пікір 25 Мамыр, 2010 сағат 13:02

Қазақстан мен Түркия президенттері Астанада түркі академиясын ашты

Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Абдулла Гүл Астанада түркі академиясының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

«Біз бүкіл түркі әлемінің ғылыми-зерттеу орталығының ашылуына куә болып отырмыз. Бұл түркі халықтарының мәдени-гуманитарлық бірігуіне септігін тигізеді және мұның үлкен тарихи мәні бар», - деді Н. Назарбаев Астанада сейсенбі күні «Түркі өркениеті: дәуірлерді жалғайтын желі» атты халықаралық еуразиялық конгрессте сөйлеген сөзінде.  

Н. Назарбаев академияда «түрколог ғалымдардың  жұмыс істеуі мен кәсіби жетілуіне барлық жағдай жасалады», деп атап өтті. Академия базасында ғылыми зерттеулер, халықаралық форумдар, симпозиумдар мен фестивальдар өткізу жоспарланған.

Президент түркілер тарихта елеулі із қалдырғанын айта отрып, түркі академиясы ғылымда өз орнын алатын ірі орталыққа айналады деген үміті барлығын жеткізді.

Өз кезегінде Түркия басшысы А. Гүл «түркі мәдениеті мен әдебиеті жаңа буын жастар үшін өте маңызды» екенін атап өтті. Ол сондай-ақ түркі елдерін өз халқының білім мәселесіне көңіл бөлуге шақырды. 

«Қараңғы болмас үшін, алдымен біз тарихымызды оқып үйренуіміз керек... Біз басқа мәдениет ықпалында қалғымыз келмейді», - деді А. Гүл.

Түркі академиясының базасында түркі тарихы мен мәдениетінің орталығы, түркі тілдері орталығы, түркі кітапханасы, мұражайы мен мұрағаты ашылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5306