Сенбі, 16 Мамыр 2026
Жаңалықтар 3898 0 пікір 17 Шілде, 2015 сағат 14:46

КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН 13 ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ҰСТАЛДЫ

Сарыағаш отрядының шекара наряды (Оңтүстік Қазақстан облысы, қазақ-өзбек шекарасы), көршілес елге өтпек болған Өзбекстан Республикасының 13 азаматын ұстады, деп хабарлайды BNews.kz. 

Шекаралық тексеру кезінде ұсталғандардың барлығы елімізде болу, жүріп-тұру тәртібін бұзғандығы анықталды.

«ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 517 бабына сәйкес Өзбекстан азаматтары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық сотының үкімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2787
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1894