Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3873 1 пікір 15 Шілде, 2015 сағат 09:53

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ 17,5 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚТАДЫ

Қазақстан халқының саны 17,5 миллионға таяп қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz  ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, еліміздегі халықтың саны 17 476,1 мың адамға жетті, соның ішінде қалалықтар - 9 916,6 мың (56,7 пайыз), ауылдықтар - 7 559,6 мың адам (43,3 пайыз). Халық саны 2014 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда 255 мың адамға немесе 1,48 пайызға өсті.

АХАТ органдарының мәліметіне қарағанда, 2015 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны - 92,1мың адам, ол 2014 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 0,8 пайызға төмен. Ал бұл кезеңде қайтыс болғандар саны - 33,3 мың адам, 2014 жылы қаңтар-наурыз айларында көрсеткіш дәл осындай болған.

Сонымен қатар, 2015 жылы қаңтар-наурызда 30,3 мың неке қиылды, ол өткен жылғы көрсеткіштен 4,1 пайызға төмен. Ал ажырасқандардың қатары 12 мыңға жетті, ол өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 3,4 пайызға жоғары.

 

Абай-ақпарат

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502