Ұлттық банк атаулы стипендияға конкурс жариялады
Алматы. 26 мамыр. ҚазТАГ - ҚР Ұлттық банкі Ұлттық банктің атаулы стипендиясын тағайындауға ізденушілер тобын іріктеу бойынша байқау жариялағанын хабарлады. Сәрсенбі күні реттегіштің баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты.
«Ұлттық банк Ұлттық банктің атаулы стипендиясын тағайындау үшін ізденушілер тобын іріктеу бойынша конкурс жариялайды...Ұлттық банктің атаулы стипендиясын тағайындауға 2010 жылға бөлінген қаржының жалпы көлемі Т412,5 мың, конкурс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен топтарға бір рет төленетін үш атаулы стипендия тағайындалады», - делінген хабарламада.
Онда атап көрсерілгендей, байқауға қатысуға ҚР азаматтары болып табылатын, ҚР ЖОО күндізгі бөлімінде экономикалық мамандықтар бойынша оқитын, бір жобамен біріккен 3-5 адамнан құралған топтар жіберіледі.
Құжаттарды конкурстық комиссияға 2010 жылдың 25 маусымынан кешіктірмей тапсыру қажет.