Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5050 0 пікір 8 Шілде, 2015 сағат 21:50

КӨП ПАРТИЯЛЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨШІНЕ КӨПҰЛТТЫ ПАРТИЯ ҚОСЫЛА МА?

Көп партиялы Қазақстанның саяси тұрмысына енді көпұлтты біріккен «Әділет» партиясы енгелі жатыр. Аталған партия туралы әңгіменің құлағы бүгін қылтиғанымен оның дайындығы тым әріден басталса керек, informburo.kz порталына сұхбат берген Олеся Халабузарь:  «Қазақстандықтардың 70 пайызы бізді қолдайды», - деп соғып тұр. Халабузарьдың сөзіне қарағанда, қозғалыс "Общество молодых профессионалов Казахстана" дейтін ашық қоғамдық ұйымның аясында жұмысын бастап, партия құрмақ көрінеді. Әгәрәки, «Әділет» тіркеле қалса, еліміздегі саяси партиялардың саны 9-ға жетпек.

Халабузарь (суретте) болашақ «Әділет» партиясы қаржы-қаражатты кәсіпкерлерден алатындығын да жасырмай айтып отыр. Көпұлтты партияның құрамында Нұртай Мұстафаев, Нұрлан Амреқұлов, Албан Балғынбаев дейтін саясаттанушылар бар екен.

Халабузарь informburo.kz порталындағы сұхбатында 1,5 мың қазақстандықтың  қазірдің өзінде болашақ саясибірлестіктің қатарына өту үшін құжаттарын тапсырып үлгергендігін де ескертіп қойды. Орысша атауын «Справделивость» деп атап отырған қозғалыс мүшесі халықтың көп әділетсіздік көріп келе жатқанын, өздері сол әділетсіздікті жеңу үшін жеңдерін түріп күреске түскелі жатқандарын білдірді. Беу, деңіз! Әйтсе де, «Әділет» алдағы партия сайлауына қатысуға дайындықтарының кем екендіктерін айтып ақталады. Бұ қалай болғаны сонда? Байқасаңыз қарқыны қатты. Қазақстандық биліктің де, бизнестің де  аузын алып қойғанға ұқсайды. Әсіресе, «көпұлтты сасяси бірлестік» болып құрылғаны көп нәрседен хабар бергендей. Алайда, осынысы және біртүрлі күлкі шақырады. Неге десеңіз, партиялардың ішіндегі ең нұрлысы «Нұр Отан» аз халықтың партиясы ма екен? «Ақ Жол» ше? Ол партияның да құрамы «ала-құла». Ол партияны да кәсіпкерлер қолдайды. Тұяқбайдың паратиясы деген қып-қызыл интерұлтшыл партия. Сонда мына қозғалыстың «көпұлттысы» «көкелерінің» көңіліне келіп жүрмей ме? Бірақ, «Справедливостьке» байланысты көке партия өкілдері әзірге дәнеңе дей қойған жоқ. Ал, халықшыл қоғам белсенділері бірден үн қатты. Олар былай дейді:

Расул Жұмалы:

-         Бұл не қылжақ? Әлемнің бірде бір елінен көпұлтты партия дегенді естімеппін. Бәлкім осыдан кейін көпконфессионалды немесе көпнәсілді партия құру керек шығар? Ақиқатқа жүгінсек, Қазақстанда бір ғана халық, бір ғана ұлт бар. Осы ақиқатты қасқана ескермей қимылдаудың бәрі сыртқы күштердің  елдегі ахуалды тұрақсыздандыруға ұмтылған арандаушылық әрекеті болып табылады. Қажет десеңіз, бұл бір халықты іштен іріту, сепаратизм.

 

Геройхан Қыстаубаев:

-         Әй, "үш әріптер" қайдасыңдар? Ұлтшылдарды аңдып, арнайы жоспарларыңмен арасына от тастап, бәрін жамандап (Шахановтан бастап, Тайжан, Сарым, Жұмалы, Нұрыпбаев және т.б.), өздерін өздеріне айдап салып, бірін екіншісімен алмастырып, тоз- тозын шығардыңдар. Сондағы мақсаттарың қазақты «жарамсыз», ал мәңгүрттер мен өзгелерді авангард етіп көрсетіп, осындай «көпұлтты партия» құру ма еді? Біліп қойыңдар, бұл- қазақты өзге келімсек ұлттардың айналасына біріктіру! Оларды елдегі көшбасшы топқа айналдыру. Бұл жасанды тірлік! Қазақты құрдымға жіберу! Бұл өміршең болмайды! Өміршең болатыны - өзге ұлттарды қазақтың айналасына топтау, басқаша айтқанда, қазақты көшбасшы ұлт ету,   өзге ұлт өкілдерінің бір тал шашын да зақымдамай, шынайы ұлттық мемлекет құру!   Бізге келгенде қулықтарыңа құрық бойламайды. Оған келгенде неге бастарың істемей қалады? Қазақстанда ел бірлігінің діңгегі- қазақ ұлты болғанда ғана шынайы саяси және ұлтаралық тұрақтылық орнап, нәтижесінде құрыштай мықты мемлекет бола аламыз! Басқасының бәрі- бос әурешілік! Ақымақтық!

Бұл «көпұлтты партияның»  түпкі мақсаты мен арманы - елдің, жердің иесі қазақ емес, қазақстандықтар ету! Қазақты сол 140 ұлттың бірі ғана, солармен тепе- тең ету!

 

Abai.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407