Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 37443 1 пікір 8 Шілде, 2015 сағат 15:11

ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ӨЛІМІНІҢ ҚҰПИЯСЫ

Қазақ руханиятында әлі күнге құпиясы ашылмай келе жатқан мәселе - Шоқанның (Мұхаммед-Ханафия) нақты қай жерде жерленгендігі, қайтыс болған жылы. Өткенге салауат. XIX ғасырда болған анығынан күмәні көп осы жайды жылы жауып қоя салуға да болар еді. Алайда, Шығыстың шоқ жұлдызы болған Шоқан туралы оқып шыққаннан кейін, жазбасыма болмады! 
"Шоқан Уалихановтың құпиясы" кітабының авторы Болат Қыстаубаев "Шоқан туберкулезден өлген жоқ, Шоқанды патшаның жансызы Тезек төремен бірлесіп, у беріп өлтірді"- деген байлам айтады. Шынында да төтелей Шыңғысханның ұрпағы болған Шоқанның құрт ауруына шалдығуы мүмкін емес. Петербургте баласын оқытқан Шыңғыстың күніге бір жылқы сойса да байлығы ортаймайтын ауқатты болды. Құнарлы тағам жеген адамда құрт ауруы болуы неғайбыл. 
Алтынемелдегі зиратта жерленген Шоқан емес. Генерал Колпаковский бастаған топ апай-топай мәйітті бір түннің ішінде жерлеп кеткен. Әскери мундирмен жерленген бейіттегі мәйіт әбден шіріп кеткенше, патшалық Ресей молаға кезек ауысып тұратын жасақ қойдырған. 
Сонда Шоқан қайда, қашан жерленген?
Ресми деректерде ол 1835 жылы туып, 1865 жылы қайтты дегенімен, Американың архивін ақтарған жазушы Әнуар Әлімжанов Шоқанның 1875 жылы жылы қайтыс болғаны туралы қазанаманы тапқан. 
Шоқан Ресейдің ықпалынан бой тасалап, Қашқарияға қашты деген байлам бар! Көптеген тарихшылар осы қисынды айтқанымен, Шоқанның төте туысы, сәулетші Шот-Аман Уәлихан бұның барлығы "негізсіз"-дейді. 
Негізі Кеңестік кезеңде Қазақстан ғалымдары Шоқанның Алтынемелдегі "бейітіне" эксгумация жасауды сұрап, кезінде Мәскеуге хат жолдаған. Олар табанды қарсылыққа тап болған! Қазір енді не кедергі?! 
Кім ғалымдардың қолын байлап жүрген?! 
Қазақтың өзі секілді, тарихы да қиыр-шиыр! 
Шатып-бұтып Шоқанның да қайда өлгенін білмейтін не деген елміз сонда?!

Дерек көзі:http://bmtv.kz/kz/

Жазба Нұрлан Соңғыбайұлының Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды. 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5356