АСТАНА АЙТЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІН ЗАЙЫТОВ ҚАНЖЫҒАЛАДЫ
Астана қаласында жылдағы дәстүр бойынша «Мыңжылдықтыр тоғысындағы Астана», «Көшпенділер өркениеті» фестивалі аясында ұйымдастырылған «Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысы бүгін өз мәресіне жетті. Айтыс 4-5 шілде аралығында «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығының маңындаға этноауыл алаңында өтті. Сөз сайысында республика бойынша 16 айтыскер бақ сынады.
Атап айтқанда көпшілікке кеңінен танымал Серікзат Дүйсенғазы, Айбек Қалиев, Бауыржан Халиолла, Жарқынбек Наушабеков, Ринат Зайытов сияқты ақындар бақ сынаған сөз аламанында бәйгенің бас жүлдесі танымал айтыскер Ринат Зайытовқа бұйырды. Ақынға 1 000 000 тг көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді. Ал бірінші орынды астаналық ақын Иранғайып Күзембаев иеленді. Сонымен қатар, екінші орынды шымкенттік Қалижан Білдашев пен Арқалықтан келген Айбек Қалиев сынды ақындар, үшінші орынды Серікзат Дүйсенғазы мен Ершат Қайболдинге өз қанжығаларына байлады.
Абай-ақпарат