Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Билік 4513 0 пікір 3 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ОҚО-НЫҢ ӘЙГІЛІ АДАМДАРЫ ОҚЫҒАН ҚЫЗЫҚТЫ КІТАПТАР

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Кітап оқу – жетістікке апаратын жол» атты бағдарлама аясында Шымкент қаласының Құрметті азаматы, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Өмірзақ Мелдехановпен кездесу кеші өтті.

ОҚО-ның әйгілі адамдарының балалық шақтағы оқыған қызықты кітаптары, балалық шағы, кітап арқылы жетістікке жету жолдары туралы талқыланатын бұл бағдарламаның мақсаты кітапхананың қоғамдағы мәртебесін демеп, оқырманның оқу мәдениетін көтеру. Үлкендерден үлгі алып, өздігінен ізденіп оқуға үйрету. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани кітап арқылы оқырмандардың бойында жоғары адамгершілік мәдениет қалыптастыру болатын.

Осы орайда кітап оқудың пайдасы туралы аз кем сөз:

Оксфорд университетінің ғалымдары кітап оқу ақыл-ойды ғана емес, жан мен тәннің саулығын да арттырады деген қорытындыға келіп отыр. Әсіресе кітап оқудың күйзелістен арылтуға ықпалы зор екен.

«Медвести» порталының мәліметінше, ғалымдар кітапты көп оқитын бір топ адамның миын магнитті-серпінді бақылаудан өткізген. Соның нәтижесінде әлдеқандай иіс, ландшафт немесе дәм туралы оқығанда адам миының қабылдауға жауапты бөліктерінің белсенді әрекет ететіні анықталды. Мұндай эффект теледидар қарағанда немесе компьютерлік ойын ойнағанда да байқалмайтын көрінеді. «Кітап оқу – адам миы үшін айрықша жаттығу. Түрлі шығармалардың ішіне ойша ену адамның елестету, қиялдау мүмкіндігін арттырады. Бұдан адамның физикалық және психикалық жай-күйі жақсарады», – дейді профессор Джон Стейн. Ғалым кітап оқуға ерте жастан машықтанудың пайдасы зор екенін айтады. Кітап оқуға жұмсалған алты минут уақыттың ішінде адамның күйзеліс деңгейі төрттен екіге төмендейді екен және бұл жағынан ол музыка тыңдағаннан немесе жаяу серуендегеннен әлдеқайда пайдалырақ.

Сонымен, бастапқы әңгімемізге оралайық. Аталған кешті кітапхана директоры З.Оралбайқызы ашып, кеш қонағы Өмірзақ Пердебекұлы оқырмандармен өзінің балалық шағы, кітаптың адам өмірінде алар орны туралы ой бөлісіп, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Сондай-ақ, іс-шараға белсене қатысқан №29, 75, 64, 47 мектеп оқушыларына разы болып, елімізде осындай білімді жастардың өсіп келе жатқанына өз ризашылығын білдірді. Жиналған көпшілік бұдан кейін әр мектептен келген талантты жастардың тамылжыта салған әнін тындап, мың бұралған билерін тамашалады. Осындай жастарға үлгі боларлық ел ағаларымен кездесуден кейін кітап оқитын оқырмандарымыздың көбейетініне сеніміміз мол.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3286