Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5829 0 пікір 23 Қараша, 2015 сағат 15:04

РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРУҒА БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ

Ресей жақын арада Қазақстанмен әскери мақсаттағы қолда бар қаруды және оның пайдалануын бақылауға алу туралы келісімге отыруы мүмкін. Осыған байланысты Ресей Президенті Владимир Путин үкіметке тиісті өкім берді. Бұл туралы 365info.kz сайты жазады.

Бұл жерде әңгіме 2013 жылғы 24-қазандағы Ресей-Қазақстан әскери-техникалық ынтымақтастығы туралы келісім шеңберінде жеткізілетін қару және техника жайында болып отыр.


(Ресейдің дәлдігі жоғары атыс қаруы ауғандықтарды және Сауд Арабиясын қызықтыруы мүмкін)

«Келісім  туралы нақты деректер  әлі жарияланған жоқ. Десе де, террористік актілер қауіпінің артуы билікті қаруға бақылауды күшейтуге мәжбүр етіп отыр», — деп хабарлайды rusplt.ru.

«ИГИЛ Орталық Азияға ұмтылуда және жақын уақытта сонда келеді. Әлбетте, бұл қауіптерді қоюлатуы мүмкін, бірақ бүгінгі орын алған ахуалда ол артық болмайды. Бұрынғы кеңес республикаларында ИГИЛ-дің шынымен өз мүдделері болуы мүмкін. Біріншіден, аймақ Сириядан соншалықты шалғай жатқан жоқ. Екіншіден, Ауғанстан да іргеде орналасқан. Аймақтағы бес елдің үшеуі (Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан) онымен тікелей шекараласып жатыр.»,— дейді РП-ға қазақстандық саясаттанушы Эдуард Полетаев.

Қазір Ауғанстандағы жағдайдың шиеленіскені соншалықты, Германияның Кабулдағы елшілігі әлеуетті босқындар арасында кері үгіт-насихат жүргізе бастады.

«Сіздің Ауғанстаннан кеткіңіз келе ме? Сенімдісіз бе?» — деген мазмұндағы баннерлер Германияға барар жолда самсап тұр. Ауғанстанның сыртқы істер министрі Салахуддин Раббанидің айтуынша, биыл 146 мың ауғандық Еуропаға көшіп кеткен. Босқындар көші-қоны жөнінен  Ауғанстан Сириядан кейінгі екінші орында тұр.

«ИГИЛ террористері негізінен Қытай қаруын сатып алады. Әлбетте, оның сапасы әлдеқайда төмен, ол сенімсіз және қызмет мерзімі де қысқа. Бірақ ИГИЛ-ге сапалы және ұзақ қызмет ететін қарудың қажеті шамалы. Оларға қарудың неғұрлым арзан болғаны маңызды. Басты артықшылық осында. Біздің қару бір ғана жеткізушіге тәуелді болғысы келмейтін ауғандықтар мен Сауд Арабиясын қызықтыруы мүмкін», — дейді жағдайды түсіндірген саяси кеңесші Анатолий Вассерман.

Қару-жараққа қосымша бақылау орнату орнату жөніндегі келісім Еуразиялық экономикалық одақты бекіту жолындағы кезекті қадам болуы мүмкін. «Біріншіден, Қазақстанға Ресеймен ынтымақтастықта болу тиімді. Өйткені әскери техника ынтымақтастықтың серіктестік шарты шеңберінде жеңілдетілген бағамен жеткізіледі. Оның үстіне, Қазақстан  мәселен  Малайзия төлейтін ақшаны жұмсамайды. Екіншіден, бұл қару-жарақты пайдаланатын адамдарды оқыту қажет, ал біздің адамдар негізінен ресейлік техникамен жұмыс істеуге үйретілген», — дейді Эдуард Полетаев.

Эдуард Полетаевтың айтуынша, бұл ҰҚКҰ (Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы) елдерінің арасындағы мемлекеттік шекараларды бақылауды жеңілдетуші еді. Біздің аумағымыз үлкен. Әр шақырымға шекарашы қоймая алмайсың. Сондықтан қару-жарақты пайдалануға бақылау көп болған сайын, онымен қаруланған лаңкестердің ҰҚКҰ елдеріне тереңдеп енуінің мүмкіндігі азаяды.

Қазақстан қару-жарақты қайдан сатып алады?

«Қазақстанның ҰҚКҰ-ға мүшелігі республикаға НАТО-мен әскери-техникалық ынымақтастықты (ӘТЫ) белсенді дамытуға кедергі келтірмейді. Солтүстік атлантика альянсы елдерінің арасында АҚШ, Франция, Испания, және Түркия әскери техникалық ынтымақтастық бойынша Астананың жетекші серіктестері болып табылады», — деп жазады «Әскери-саяси шолушы». 

Мәселен, 2013 жылғы қаңтарда испандық «Эрбас Милитари» компаниясы Қазақстанға жүктерді тасымалдауға, теңізде патрульдеу, барлау жүргізу және десант жеткізуге екі С-295 тактикалық әскери-көлік ұшағын жеткізді. Сондай-ақ, түркиялық «Отокар» компаниясынан брондалған машиналар мен  «Тюрк», Defender тұрпатындағы үш американдық, 369 тұрпатындағы тағы бір күзет катері сатып алынды.


«Тюрк» күзет катері (Түркия)

Айтпақшы, 2011 жылы Қазақстан Франциямен бірлесіп, көп мақсаттағы ЕС-145 еуропалық тікұшақтарын өндіру үшін қуаты жылына 10 тікұшақ жасайтын бірлескен кәсіпорын құрды.

Көп жағдайда натолық үлгілер ресейлік техниканың тікелей бәсекелестері болып табылады. Бұл оның дәстүрлі және заманауи техника түрлеріне де қатысты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының НАТО мемлекеттерімен әскери-техникалық кооперациясы, Ресеймен арадағы көпжылдық ынтымақтастықпен салыстырғанда, жүйелік сипатқа ие емес.

Мысалы, 2004-2007 жылдар аралығында Қазақстанға Ресей Федерациясынан 141 млн доллар (жалпы импорт көлемінің 63,7 пайызы) сомасындағы әскери техника импортталған. Ал АҚШ-пен арадағы бұл көрсеткіш  46 млн долларды құрайды (20,8 пайыз).


(С-300ПС кешені Алматы маңындағы «Жетісу» станциясына жеткізілді)

Көшбасшылардың алғашқы үштігіне Беларусь те еніп отыр – 18 млн доллар (8,1 пайыз). 2008-2011 жылдарда қазақ нарығындағы үстемдік жағдайын Ресей де, Беларусь те сақтап қалды, Ресейдің үлесі 382 млн доллар (60,4 пайыз) болса, Белоруссияның үлесі – 58 млн доллар (9,2 пайыз).

2011 жылы Ресей Қазақстанға 12 дана БТР-82А, ТОС-1 «Буратино» от боратушының үш бірлігін және бүгінгі күні күні бірегей саналатын танктерді қолдайтын «Терминатор» әскери машиналарының (ТҚӘМ) үшеуін жеткізді.

Ал 2015 жылы ҚР ҚК ӘҚЖ әуе қорғанысы әскерлері Ресейден әкелінген бес зениттік-зымыран кешендерімен толықты, деп хабарлайды asker.kz.

Атап айтарлығы, Қазақстанға өтеусіз берілген С-300ПС зениттік-зымыран кешені төмен ұшатын шағын нысаналарды жоюға арналған.

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Сайтқа әзірлеген - Нұргелді Әбдіғаниұлы 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5376