Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 8395 0 пікір 20 Қараша, 2015 сағат 13:36

«ЖАҢАӨЗЕН ОҚИҒАСЫН» АТЫРАУДА ҚАЙТАЛАМАҚ ПА?

Атырауда  тағы да еңбек дауы басталды. Облыстағы мұнай-газ секторындағы бірқатар компаниялар қара жұмысшылардың  жалақыларын бермей, әлекке салған. Атырау облыстық прокуратурасының мәліметтеріне сүйенсек, мұнай-газ секторындағы компаниялар жұмысшылардың 63 миллион теңгесін төлемеген. Бұл туралы regtv.kz порталы  Times.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жақында Атырау қалалық прокуратурасында облыстағы мұнай саласындағы қара жұмысшылардың еңбекақыларын кешіктірген компания басшылары мен жергілікті шенеуніктердің басын біріктірген жиын өткен (http://regtv.kz/atyrauskaiya-oblast/sotszashchita/item/5724-v-kompaniyakh-neftegazovoj-otrasli-atyrauskoj-oblasti-ne-platili-zarplatu.html?_utl_t=fb).   

Отырыс барысында қалалық прокуратура жұмысшылардың жалақыларын төлеуден жалтарған немесе мерзімінен кешіктірген компаниялардың «қара тізімі» жасалғаны мәлім болды.

«Тексеру нәтижелері көрсеткендей, биылғы жылы 6 ұйғарым бойынша 29 өкілеттіліктердің мәселесі талқыланды. Заңды бұзған компаниялардан 96 шенеунік жауапқа тартылды», − дейді Атырау қалалық прокуратурасының прокуроры Алтынбек Аманжолов.

Аманжоловтың айтуынша, облыстық және қалалық қадағалаушы орган қызметкерлері  жалпы сомасы 63 миллион теңгені құрайтын заң бұзушылық фактісі тіркелген.  Түрлі себептермен жалақылары кешіктірілген 550 жұмысшының құқығы қорғалған.  

Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, елдегі мұнай компаниялары жалақы төлеуде біркелкі тарифке көшуі керек.  Мысалы, дәл осы мұнай саласын алып қарасақ, Қызылорда да, Атырауда да, Маңғыстауда да, Оралда да, Қызылордада да мұнай компаниялары дәл осындай мәселелер жоқ емес.  Деректерге жүгінсек, мұнай компаниялары бойынша бір салада бірдей қызмет істейтін, алайда әртүрлі жалақы тағайындалған 130 факті орын алыпты. Бірдей еңбек еткеніне қарамастан әртүрлі жалақы тағайындағандарды және еңбекшілердің жалақыларын төлемеген компаниялар жауапкершілікке тартылуы қажет-ақ. Сондай-ақ бізде отандық мамандар мен шетелдік мамандардың алатын жалақысының арасындағы айырмашылықтың өзі жер мен көктей.

«Жалақы әрбір компанияның әлеуетіне, еңбек өнімділігіне, түскен түсіміне, шыққан шығысына қатысты есептеледі десек те, бұл жерде бір компанияда қызмет істейтін екі адамның екі түрлі жалақы алуы тіптен қисынға келмейді. Бұл адамның еңбек құқығын бұзушылық. Жұмысшының істейтін еңбек өнімділігі, жұмысының ауыр-жеңілдігі бірдей болған жағдайда жалақы тарифі біркелкі түзілуі тиіс. Ал бізде жұмыс өнімділігінің бірдейлігіне қарамай сырттан келетін мамандарға жалақыны қомақты төлейміз, ал отандық маманды шөміштен қағып арзан жалақымен қамтимыз. Осының барлығын реттеу қажет. Атырау, Маңғыстау, Орал аймақтарындағы, Қызылорда аумағындағы мұнай компаниялары осы жайттарды назарда ұстауы қажет. Бұл шынымен де наразылық тудыратын жағдай. Тек қана айлық мәселесі емес, бізде шетелдік жұмысшылардың өмірін сақтандыру, олар сырқаттанып қалса еңбекке жарамсыздық ақысына үстеме қосып төлеу тәрізді толып жатқан қайшылықтар бізде жетіп артылады», − дейді сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы.
Түйін: Мұнай ком­па­ния­ларындағы жалақы мәселесіне байланысты наразылық тек Атырауда ғана емес, Маңғыстауда да, Ақтөбеде де, Қызылордада да, яғни шетелдiк, әсiресе қытайлық компаниялардың үлесi бар аймақтарда байқалады.

Айта кетейік, Жаңаөзендегі дәл осы мұнай және газ секторында туындаған еңбек дауының соңы  немен аяқталғанын дүйім жұрт жақсы біледі. Алайда,  мұнай  бұрғылаумен айналысатын қазақстандық және Қазақстандағы шетелдік компания басшылары үшін өткен жолғы «Жаңаөзен оқиғасы» сабақ болмаған сияқты. Жұмысшылардың жалақыларын төлеуде түрлі сылтау іздеген басшылардың бірқатары жауаптан жалтарғанымен, ақиқаты – заң алдында жауап береді. Жоғарыдағы деректер соның көрінісі.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407