Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4067 0 пікір 31 Мамыр, 2010 сағат 04:42

Мүрделерді көму мүмкін болмады...

«Осынау ел басынан өткен нәубет жылдардан қалған көнекөз қариялар да сирек. Сұрастыра жүріп, туған ауылым Қызылағаштың тұрғыны (Алматы облысы, Ақсу ауданы), Абай көшесіндегі №24 үйде тұратын жасы тоқсанның төріне оза бастаған әкемнің нағашы апасы Оразаева Мағлима апамен сырластым. Ғасырға таяу өмір сүріп келе жатқан қарт әженің көз жанарының ұшқыны әлі сөнбеген. Мен әжейдің қал-жағдайын сұрап болған соң, ол кісіні ашаршылық жайлы сөзге тарттым. Әжей күрсіне отырып:

- Е, қарағым, ол бір «Адам баласына қайталанбасын» деп тілейтін уақыт болды ғой...- деп кимешегінің ұшымен көз жасын бір сығып алды да, әңгімесін әрі қарай жалғай жөнелді.

- Ол уақытта 17-18 жас шамасында едім, тұрмысқа жаңа шыққамын, күйеуім жаман жігіт емес еді, аздаған сауаты да бар еді. Алдымен байлардың малы алынып, көп ұзамай орта шаруаның да малдарын өкімет тартып алды. Әуелі күн көріс, азық қылып отырған малды алды, содан кейін көлікті алды, ешбір аяусыз кең тақыр далада жаяу қалдық. Халықтың жиған қоры жоқ. Сырттан не көмек, не көлік, не өзенде балық жоқ. Жұрт ашаршылыққа ұшырады.

Қазақ халқы үшін нағыз нәубет басталды ғой. Қуаңшылық бір жағынан, аш-жалаңаш, азып-тозған бала-шаға. Елді жайлаған індет. Аштықтан ел жаппай қырыла бастады. Ол кезде біз Семей облысы, Шұбартау ауданы, Сарқымақ ауылында тұрдық. Таршылық заманда шешем өліп, іні-сіңлілерім жетім қалды. Тамақ жоқ, шөп-шөптің тамырларын кеміріп, сорған күндеріміз де болды. Көзі тұнған аш адамдар тіпті бірінің баласын бірі ұрлап жеуге дайын еді. «Кісі етін жеген шұбартаулықтар» деген содан шыққан сөз. Қалада жағдай әлде қалай жақсы деп санаған ауыл қалаға қарай шұбырды. Бірақ қалаға жетудің мүмкіндігі аз еді. Біз де күйеуіміз екеуміз талқанымызды арқалап, қалаға бет бұрдық.

Жол бойы сүйектері ырсиып кеткен арық адамдар, жол шетінде көмусіз қалған балалардың өліктері. Әбден қалжыраған әйелдер емшектегі балаларын бел астында қалдырып кеткенін көрдік. Біз итпектеп Семейге де жеттік. Ол уақытта Семейге кіре берісте Ертістен өтетін үлкен көпір бартұғын, соған таяғанда көрдік: Құдай-ау, мұнда да қаптаған өліктер. Менің көз алдымнен әлі де кетпейді олар, әсіресе мына сурет: жас әйел өліп жатыр, бір жасқа таяп қалған баласы шешесінің омырауын сорып-сорып, бақырып жылайды. Өлі денеден не шықсын. Ол бала да өлген шығар. Біреуге біреу қарамайды. Семейде де күніміз белгілі болды: тамақ жоқ, бізге қолғабыс берер жан жоқ. Содан Жетісу жақтағы ағайындарға бет бұрдық. Алғаш біз қазіргі Сарқан ауданындағы Черкасскіге келдік. Күйеуім осындағы балалар үйіне арбакеш болып жұмысқа кірді. Бұл дегеніңіз сұмдық жұмыс еді. Ертелі-кеш мая боп жиналған балалардың мәйітін арбаға тиеп, тау ішіне әкетеді де, құздан төмен тастайды, өйткені мүрделерді көміп үлгеру мүмкін емес. Мұның бәрі де өкіметтің бұйрығы бойынша жасалып жатты: ол уақытта өкімет не айтса, сол орындалатын еді ғой.

Біз Черкасскіде көп тұрмадық, Ақсуға келіп табан тіредік. Онда мөлшермен бидай береді екен: әр үйге 1 кесе бидайдан үлестіреді. Сол бидайды кепкен теріге аздап шашып, балаларды алдап, тергізіп жегіземіз, сондан ауқат алатынбыз. Семейден жиырма үй көшіп келдік, оның ішіндегі 13 үй бала-шағасымен тегіс аштан қырылды. Алғашында абысын, келін, қыздарды жуындырып, кебінін кигізуге қорқып едім, үлкен енеміз «сауабын аласың» деп өлгендерді жуындырып, көйлегін кигізіп көметін болдық. Ал кейін тіпті жуындыруға да, көмуге де үлгере алмадық. Бұл жерде де мәйіттерді құздан тастайтын болдық. Бір күнде тіпті 52 адамды құзға апарып тастаған күніміз болды. Аштықпен қатар сүзек, қылша аурулары да қабаттасты. Ел аш-жалаңаш, өлгендер көп, соның ішінде бала жағы басым. Бір жанұядан 7-8 баланы да көміп едік. Ол кезде «продпомощь» деп аздап азық-түлік таратады, ол бәріне тегіс жетпейді. Міне осы ашаршылық жылдары өзімнің нағашыларым Есімбек, Есқалы деген кісілер үш баласымен, әйелдерімен шұбырып, Ташкент жаққа кетіп, содан жоқ болды. Солтүстік жақтың көп елі Түркістанға ағылып, аман қалды ғой - ол жақта жағдай біршама жақсы еді ғой, қарғам,- деп күңірене сыр шертті қария.

- Сөйтіп апаларың ашаршылықтан аман қалып, аталарың Ұлы Отан соғысына да қатысты. Тыныш өмірді де көріп кетті. Айналайын, нан ауыз ти, бір үзім нанның қадірін біліңдер! - деп сөзін аяқтап болды да:

- Әй, қайдам, заман да, адам да өзгеріп барады ғой, тек нанды қадірлеңдер! - деп шегелей ескертті.

Апамыз немере, шөбере сүйіп отыр. Апамыз сөз соңында сол кезде көрген бір түсін айтты. Ашаршылық заманында ашығып, шаршап келе жатыпты. О дүниелік болған көп бала-шаға, әйел-еркектер шығады алдынан. Олардың ішінен бір қарт адам апамызға қалшылдаған, еті әбден кеткен, қу сүйек болған, әжім басқан қолымен үлкен кесе толы тарыны ұсынады да: «Осы тары сен жүз жасқа келгенде бітуі керек, соған мөлшерлеп салдым»,- дейді.

- Сол тары толған кесе менің жасаған жасым шығар, - дейді көпті көрген Мағлима апамыз. Содан кейін апамыз маған келесідей батасын берді:

Жарылқасын жанды қылсын,

Қатарыңның алды қылсын,

Не тілесе тілеуін беріп,

Қора толы малды қылсын. Әумин!»

Менің жаңағы түсті жоруым бойынша, Мағлима апамыз жүз жасқа келетін шығар».

Жазып алған

Базарбаева Айжан

Ө.А.Жолдасбеков атындағы

экономика және құқық академиясы

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті

http://naubet.ucoz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320