ӘДЕБИЕТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет және тарихи-мәдени мұраға өзгерістер енгізу туралы заңнамаға қол қойды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Парламент қазанның 8-інде қабылдап, президентке қол қоюға жолдаған заң өзгерістері орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының мемлекеттік мүлік болып табылатын тарихи-мәдени мұра нысандарына қатысты өкілеттіктерін шектеуді, материалдық емес мәдени мұраны қорғауды және Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция негізінде БҰҰ қызметіне қатысуын көздейді.
Сонымен бірге қабылданған заңда Қазақстан президенті жанындағы әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңес құру, мәдениет және спорт министрлігі жанынан көркемдік кеңестер құру қарастырылған.
Абай-ақпарат