Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2940 0 пікір 15 Қазан, 2015 сағат 10:54

КАЛАЧИЛІК 23 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Қалачилік 23 отбасы баспаналы болды. Олардың 16 отбасына (27 адам),  бүгін салтанатты жағдайда жаңа пәтер кілттері табысталды, – деп хабарлайды Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Пайдалануға берілген Державинск қаласында орналасқан 75 пәтерлі көп қабатты үй «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» Калачи және Красногорск елді мекендеріндегі ауыл тұрғындарын көшіру бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған болатын.  

Ал 13 адамнан құралған жеті отбасына, Есіл ауданының Заречное ауылында жиһаздандырылған тұрғын үйлер ұсынылды.    

8 пәтерлі үй «Заречный» ЖШС күшімен жөнделуден өткен.

Үш бөлмелі пәтер алған Виталий Радченко өңір басшыларына Калачи ауылынан көшуді ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ пәтер бөліп, қоныстанушыларды коммуналдық төлем төлеуден босатқан  «Заречный» ЖШС басшылығына алғысын жаудырды. Ол пәтерінің ыңғайлы әрі жылы екенін ерекше атап өтті. 

Еске сала кетсек, бүгінгі күні Калачи ауылынан бас-аяғы 96 отбасы көшірілген. Тұрғындарға көшу үшін барлық көмектер көрсетілуде. Көшудің алдында аймақ әкімдігі тұрғындар үшін ұсынатын үйлерді таныстыру үшін сапарлар ұйымдастырып отырады. 

Бүгінгі күні Калачи және Красногорск ауылының тұрғындары үшін Есіл қаласында салынып жатқан 118 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақындалып қалды. Үй 2015 жылдың қараша-желтоқсан айларында беріледі деп жоспарлануда. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522