Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5922 0 пікір 14 Қазан, 2015 сағат 10:36

ЕЭО ТЕК ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕНІ КӨЗДЕЙДІ

Астанада өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана үшін Еуразия экономикалық одақ (ЕЭО) тек ғана экономикалық ұйым болып табылады» деп атап өткен. Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның сөзінше, ЕЭО-ның бар мүмкіндігі сыртқы жағдайларға байланысты ашылмай отыр. Отырыс барысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына сыртқы негативті факторлардың әсер етуін барынша азайту мәселесі айтылған.

Сонымен бірге ЕЭО-ға мүше елдер арасындағы санитарлы-эпидемиологиялық, фитосанитарлы және ветеринарлы бақылау жөнінде талқыланған.

Еуразиялық экономикалық одақ үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді. Оған Армения, Беларусь, Кырғызстан, Қазақстан және Ресей кіреді. Тәжікстан әзірге ұйым талаптарын жіті зерттеп жатқанын айтады. Ресей Өзбекстанды да бұл ұйымға мүше болуға тартып жатыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1290
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2847
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 946
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 884