Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4045 0 пікір 14 Қазан, 2015 сағат 10:31

ҚЫРҒЫЗ ПРЕЗИДЕНТІН СОТҚА БЕРДІ

Ұлттық оппозициялық қозғалыстың жетекшісі, «Эгемен Кыргызстан» партиясының лидері Бектур Асанов Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты сотқа берді. Ол Бішкектің ауданаралық сотына мемлекет басшысын әкімшілік жауапқа тарту туралы шағым түсірді.

Асановтың пікірінше, президент сайлау алдында өзі лидері болып табылатын Қырғызстанның социал-демократиялық партияға (ҚСДП) ашық қолдау көрсетіп, Конституцияға қайшы әрекет жасаған. 

Ол мысал ретінде Алмазбек Атамбаевтың 27 шілдеде журналистер алдында сөйлеген сөзінде ҚСДП-ның президенттік партия екенін еске салып, үміткерлер тізімі жаңаратынын айтып қалған. Одан бөлек шағымда президенттің 2013 жылдың 16 желтоқсанында айтқан «егер ҚСДП парламенттен 25 емес, 60 мандат иеленгенде, елде тұрақтылық тезірек орнаушы еді» деген сөздерін көрсетіпті. 

«Эгемен Кыргызстан» партиясы биылғы парламент сайлауына қатысуға ниет танытқан. Бірақ кепілге 5 миллион сом төлей алмағандықтан Орталық сайлау комиссиясы бұл партияны тіркемеді. Сот ОСК шешімін дұрыс деп таныған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1315
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2882
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 969
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 903