Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2838 0 пікір 12 Қазан, 2015 сағат 10:30

ТІЛШІГЕ ШАБУЫЛ: ҚЫЛМЫСКЕРДІ ТАПҚАН АДАМҒА СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ

Алматылық бизнесмен Ерлан Нұрпейісов журналист әрі блогер Бота Жұмановаға шабуыл жасаған қылмыскерді ұстауға жәрдемдесетін ақпаратқа арнайы сыйақы тағайындайтынын мәлімдеді.

«Күдіктінің аты-жөні және қайда екендігі туралы шынайы ақпарат үшін өзімнің Green Auto Service экологиялық қоры атынан 100 000 теңге сыйақы беретінімді жариялаймын. Аса көп ақша болмаса да бұл басы ғана деп сенемін. Ақпарат берген адамға төленетін сыйақы көлемін өздерінің аз да болса үлесін қосып, көбейтемін деуші кәсіпкерлерге алғыс білдіремін» деп жазған Нұрпейсіов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін қазақстандық журналист, блогер Бота Жұманованы қазанның 9-ына қараған түні Алматыдағы үйіне кіреберісте белгісіз біреудің аяусыз ұрып кеткені туралы ақпаратты Алматы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі растады.

Сенбі күні интернетте «Бота Жұмановаға шабуыл» деген атпен тараған видеода түнгі мезгілде үйдің есігін ашып жатқан әйел адамды жас жігіттің ұрып кеткені түсіп қалған. Полиция бұл видеоны тексеріп жатқанын хабарлаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475