Сенбі, 23 Қараша 2024
Қарбалас 5336 0 пікір 6 Қазан, 2015 сағат 14:25

Guardian газеті: ТҮРКИЯДАҒЫ ДҮРБЕЛЕҢ

Британдық адвокаттардың айтуынша, Түркия үкіметі азаматтардың құқығын шектеп жатыр.

 

Англия газеттерінің арасындағы ең танымал «Guardian» газеті ағылшын заңгерлерінің  Түркияда болып жатқан адам құқықтарының бұзылуына қатысты 95 беттік мәлімдемесі  туралы хабар таратты. Аталмыш мәлімдемеге сілтеме жасай отырып газет, Түркияда БАҚ, құқық қорғау органдарынан және  сот мекемелерінен 40 мыңға жуық қызметкердің жұмыстан босатылғанын, оған қоса бірнеше адамның тұтқындалғанын хабарлады.  Хабарламада бұл жағдай демократияның төмендегенінің көрінісі ретінде сипатталған. Мәлімдемеде оппозициялық БАҚ-тың  үн қату мүмкіндігі шектелгені, түрлі  мекемелер мен компаниялардың жабылуы, оларды қоғам алдында жеккөрінішті етіп көрсету, жеке мүлікке заңсыз қол сұғу әрекеттерінің орын алғаны айтылады. 

Мәлімдемені дайындағандар — Англия жоғары сотының бұрынғы басшысы Лорд Вульф, Бирмингем заң қағидалары орталығының директоры және венециялық комиссияның бұрынғы мүшесі Сэр ЖефриДжоуэл және Консерваторлар партиясының Парламент мүшесі, Англия мен Уэльстің бұрынғы Бас солиситоры (құзыретті)  Сэр Эдвард Гарнье және БАҚ құқықтары саласындағы сарапшы адвокат Сара Пэлин қатарлы белгілі тұлғалар.  Мәлімдеме бойынша ӘДП-ның (Әділет және Даму Партиясы) негізгі мақсаты: қоғамдағы әлеуметтік топтар мен БАҚ өкілдерін шеттету.

Бұған қоса мәлімдемеде «жүйелі түрде адам құқықтарының бұзылғандығына» байланысты Түрік Үкіметінің бұл ісін Еуропа Адам Құқықтары Сотында және халықаралық деңгейде қарастырудың қажеттігі  ұсынылады.

Мәлімдемені зерттеген газеттің тұжырымдамасында ӘДП кезеңінде конституцияға өз мүддесіне қарай өзгеріс енгізіп, соттың беделі түскенін, ғаламтор ресурстарына цензура жасағандығын, сөз бостандығының шектелгендігін, сыбайлас жемқорлық бойынша үкіметке қарсы басталған қылмыстық істің жабылғандығы және тұтқындалған адамдарға құрметсіздік жасалғаны айтылды.

40 МЫҢ АДАМ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Мәлімдемеде  40 мыңға жуық адамның қызметінен аластатылғандығы, көптеген тұтқындау әрекеттерінің болғаны туралы айтылады.

Комиссия 2013 жылы Түркияда орын алған сыбайлас жемқорлық дау-дамайдан бері аталмыш мәселе төңірегінде зерттеп-бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді. «2005 жылы Еуропалық Одақпен ресми келіссөздердің (Одаққа кіру туралы) іске асуынан кейін, Түркиядағы оқиғалар келіссөз бойынша бекітілген реформаларға қайшы келуде», — деп баяндалады мәліметте.

«ДЕМОКРАТИЯНЫ ЕДӘУІР ӘЛСІРЕТТІ»

«Guardian» газеті аталмыш мәлімдемеде биліктің Түркияның демократия ұғымына селкеу түсіргендігін ашып айтты. Мәлімдемеде әсіресе БАҚ пен қылмыстық құқық өлшемдеріне қысым жасалғаны айтылады. Радио мен телеарналарды күмәнді деп табу,  соттың шешімінсіз әлеуметтік желілердегі материалды жою және ғаламтор ресурстарына бөгет жасау секілді біршама заңбұзушылықтар атап өтілген. Мысал ретінде «Саманйолу» телеарнасының бас директоры Хидает Каражаның өткен жылдан бері «күдікті» деп тұтқында отыруы көрсетілді.

Мәлімдеме құрамында «Заман» газетінің бас редакторы Экрем Думанлы, Хидает Каражамен қоса бір топ журналистер, барлығы 63 адам жайлы «террорлық ұйымға қатысы бар» деген айыппен іс қозғалған. Құзырлы органдардың тұтқындарды босату жайлы шешіміне қарамастан, олардың әлі күнге дейін қамауда отырғандарын тілге тиек етті.

«Guardian» газетіне сұхбат берген мемлекеттік кеңестің бұрынғы басшысы Сэр Эдвард Гарнье: «Түрік сот жүйесіне үлкен зиян келуде. Халықтың объективті сотқа деген сенімі азаюда», — деді. Сонымен қатар Гарнье соңғы үміт Конституциялық сотта екенін, алайда істің көптігінен олардың бұл мәселені шешуге қауқарсыздығын мәлімдеді.

Еуропа адам құқықтары соты Түркияға  үміт артпайды

Сэр Эдвард Гарньеның айтуынша, қозғалған істердің бірталайына Еуропа адам құқықтары сотынан (ЕАҚС) кеңес алуға болады. Алайда Түркиядағы бүгінгі мәселеге көз жүгіртетін болсақ, бұл жағдайдың дұрысталуына еш үміт жоқ.

Тек өткен жылы Түркиядан ЕАҚС-та жалпы саны 101 іс қаралғандығын, оның көбі Стамбұлда 2013 жылы орын алған «Гези» саябағы оқиғасына қатысты. ЕАҚС-та қозғалған істердің саны бойынша Түркия Ресейден кейін екінші орынға шығып отыр.

Бұған қоса «Guardian» газеті «Журналистер мен жазушылар одағының» хатшысы Альп Асландоғанның сөзін келтіреді: «Сот пен БАҚ заңды белшесінен басты. Билік өзінің авторитарлық әрекеттерін ақтау үшін «Қызмет қозғалысына» жала жауып, кінәлі етіп көрсетуде».

Баспасөз бостандығына қысым жасап жатқан Ердоған билігі халықаралық қоғамдастықтар тарапынан жіті бақылануда. Мәлімдемеде «Vice News» ақпараттық газетіне қарасты екі журналистің тұтқындалуы және «Коза Ипек Групп» холдингіне жасалған тінту секілді бірнеше оқиғаларды дәйек ретінде келтіреді.

Түркия үкіметі ЕАҚК (Еуропа адам құқықтыры келісімі) және адам құқықтары туралы басқа келісімдерді де бұзуда. Мәлімдемеде оппозициялық БАҚ-тың  үн қату мүмкіндігі шектелгені, «Гүлен қозғалысына» қатысты деген күдікпен бірнеше мекемелер мен компаниялардың жабылуы, жеке мүлікке заңсыз қол сұғу әрекеттерінің орын алғаны айтылады.

Дереккөз: CIHAN HABER

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381