Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 6683 0 пікір 4 Қазан, 2015 сағат 21:03

БАЛТАНЫҢ ТЕМІР БАСЫ АРҚЫЛЫ ШЕТЕЛГЕ ЖЕТКЕН ШЫНДЫҚ

 

Бүгінде аңыздан ақиқатқа айналған сонау 1986 жылғы желтоқсанда Алматыдағы қазақ жастарының бас көтерулеріне тікелей араласып, көзсіз ерлікке барған мына бір азаматтардың да ерлігін еске алған жөн сияқты.

Алаштың арда ұлдары: филосф-ғалым, саяси күрескер Сәбетқазы Ақатай мен этнограф-ғалым, саяси күрескер Жағда Бабалықұлы сол бір қаһарлы күндері жеке бастарының қауіп-қатеріне қарамай, жастармен бірге алаңға барып, кейін Желтоқсан туралы шындықты егжей-тегжейлі зерттеп, жинаған құжаттарын Алматының әр түкпіріне жасырып, КГБ тарапынан қуғынға түскендері өз алдына таусылмайтын бір әңгіме.

Әсіресе, Сәбетқаза Ақатай мен Жағда Бабалықұлының Желтоқсан туралы шындықты алыс шетелдегілерге жеткізу жолындағы әрекеттері кімді де болса таң қалдырады.

Мәселен, осы екі азамат Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі туралы мәліметтерді фото-пленкаға кішірейтіп түсіріп, оны арнайы сатып алған балтаның темір бастарына егеп кіргізіп, тесікті қайтадан балқытып жауып, Қытайдағы, Араб елдеріндегі, Батыстағы, АҚШ-тағы таныстарына "сәлем-сауқат" ретінде жөнелтулерінде көзсіз ерлік жатыр емес пе?.

Сол "сәлем-сауқаттардың" Қытайдан басқа мемлекеттерге аман-есен жетіп, ондағылар ашып-оқып, Желтоқсан туралы шындық әлем назарына алғаш рет солай ілінгенін бүгіндері біреу білсе, біреу білмейді. Сол кезде Сәбең тұрған үйдің подвалына КГБ-дан жасыру үшін арнайы тығылған құжаттардың қазіргі тағдыры да беймағлұм күйінде қалуда.

Сәбетқазы марқұмның көз жұмғанына көп жыл болды. Ал Жағда Бабалықұлы ақсақал  да қайтыс болғалы аз жыл өткен жоқ.

Жұмаш КЕНЕБАЙ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375