Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5049 0 пікір 28 Қыркүйек, 2015 сағат 17:52

ПУТИН СИРИЯ АУМАҒЫНДА СОҒЫСПАЙТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ

Путин Ресейдің Сирия аумағында соғысу ойы жоқ екенін мәлімдеді.

Кремль Сирия аумағында және қандай да бір елде ешқандай әскери операцияға қатыспайды. Әзірге дәл мұндай жоспарымызда жоқ. Осылай деп Ресей президенті Владимир Путин CBS телеарнасына берген сұхбатында айтты. Бұл сұхбат БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында АҚШ президенті Барак Обамамен кездеспестен бұрын жарияланды.

Ресей лидері сонымен бірге «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының құрамында екі мыңға жуық бұрынғы пост советтік елдердің азаматы соғысып жүргенін айтты. «Олардың елдеріне оралуын күткенше, мемлекеттік әскери құрылымдарды күшейтіп, терроризммен күресу керек», - деді Владимир Путин.

Вашингтон өз кезегінде Ресейдің Сирияда әскери әлеуетін арттыруына алаңдайды. Путин мен Ресей  билігіндегі басқа да өкілдер бұған дейін Ресей «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен күрес үшін Сирия президенті Башар Асад әскерін дайындықтан өткізіп, қару-жарақ жеткізіп жатқанын мәлімдеген. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1067
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2614
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 742
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 706