Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Деп жатыр 13349 0 пікір 25 Қыркүйек, 2015 сағат 09:41

ТҮРКІЛЕРГЕ ТӘН ТАРИХТЫ "ТОНАП" ЖАТЫР

Түркілерге ортақ тарихты ұйғыр ғалымдары «тонап» жатыр. Бішкектегі «Демократия» құқық қорғау ұйымының төрағасы Тұрсын Ислам Ниязұлының «Қытай әлемге қауіп төндірді» (Китай угрожает миру) атты кітабын оқып шығып, осындай ойға қалдық. Автор түркі халықтарының беткеұстар Махмұд Қашқари, Әмір Темір, Әлішер Науаи сынды тұлғаларын ұйғыр ұлтының өкілі етіп иемденіп алған. Тіпті «Оғыз хан тұңғыш ұйғыр империясын құрды» деп жазады. Оның деректеріне сенсек, Күлтегін, Бумын қаған, Тұмар ханшайым, Еділ патша  барлығы да ұйғыр болыпты-мыс. Бұл түркілер тарихын бұрмалау емес пе?

Тұрсын Ислам Ниязұлының «Қытай әлемге қауіп төндірді» атты бұл кітабы 2010 жылы Стамбул қаласындағы «Мудараба» баспасында жарық көріпті. Мың таралыммен жарық көрген кітаптың сыртқы мұқабасы, ББК, ISBN-і жоқ. Кітап Стамбул қаласында жарық көргеннің өзінде ресми тіркелмегені көрініп тұр. Кітап Ұйғырстанның тәуелсіздігі мен бостандығы жолында күрескен азаматтарға арналыпты. Бұл еңбектің авторы Тұрсын Ислам Ниязұлы 1936 жылы Құлжа қаласында туып, 1955 жылы Қырғызстанға көшіп келген екен. 1989 жылы «Иттипак» ұйғыр қоғамын құруға атсалысқан. Қазір «Демократия» құқық қорғау ұйымының төрағасы һәм Бүкіләлемдік Ұйғыр конгрессінің кеңесшісі қызметтерін атқарады-мыс. Енді осы азаматтың деректеріне назар салыңыз.

Махмұт Қашқари – ХІ ғасырдағы Ұлы ұйғыр ойшылы.

(Дұрысы: Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) (1029–1101) – түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-ғалым, атақты «Диуани лұғат-ат-түрік» еңбегінің авторы). 

Әлішер Науаи – ХV ғасырдағы Ұлы ұйғыр ақыны.

(Дұрысы: Науаи Әлішер (Низамеддин Мір Әлішер) 1441 жылы дүниеге келген. Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекет қайраткері).


Әмір Темір Ұйғыр тайпасының Барлас ұрпағынан тарайды.

(Дұрысы: Әмір Темір (1336–1405 ж.ж.) Темуридтер империясының негізін қалаған, Барлас руынан шыққан. Барлас руы – түркі тілдес тайпалардың бірі). 

Жалпы түркілерге ортақ тұлғаларды осылай иемденуге бола ма?

Оғыз хан құрған тұңғыш Ұйғыр империясының туы. 

(Тарихта «Оғыз хан Ұйғыр империясын құрды» деген дерек жоқ).

Ғұн-ұйғыр мемлекетінің әскери туы.

(Ғұн-қазақ, ғұн-қырғыз деп бөлуге ешкімнің хақысы жоқ).

Осы кітапта тағы бір қызық жайт бар. Ешқандай түсініктемесіз біраз тұлғалардың суреті жарияланған. Мәселен, Бумын қаған, Күлтегін, Еділ патша, Тұмар ханшайым (Томирис), Оғыз хан т.б. Барлығының да кескін-келбеті ұйғыр ұлтының өкіліне ұқсатылған. Бұл санаға жасалып жатқан шабуыл емес пе? 

Түйін

Тұрсын Ислам Ниязұлы кітабының сілтемелерінде Қазақстандық ғалымдардың да еңбектері жүр. Мәселен, Алмас Тұрғынның «Уйгуры» (2008 жылы Алматыда жарық көрген), Сәбит Әбдірахманның «Уйгурнама» (2005 жылы Алматыда жарық көрген), Қасым Масимидің «История уйгурской державы» (2000 жылы Алматыда жарық көрген) атты кітаптары. Қазақстанда басылып шыққан бұл кітаптарда не жазылған? Оларда да осындай бұрмалаушылық бар ма? Ендігі сауал осы... 

Қанат Бірлікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019