Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 3601 0 пікір 18 Ақпан, 2016 сағат 16:29

РЕСЕЙДІҢ ӘРЕКЕТІ КЕҢЕСТЕР ОДАҒЫН ЕСКЕ ТҮСІРЕДІ

Посткеңестік елдердің бұрынғы 12 президенті Владимир Путин билігі дәуіріндегі Ресейдің әрекеті барған сайын Кеңес Одағын еске түсіреді деп санайды

18 ақпанда жарияланған RFE/RL жаңа жобасы аясындағы "Ресей және мен” атты сұхбаттар топтамасында посткеңестік республикалардың бұрынғы он екі президенті Ресей мен оның саясатына қатысты пікірлерімен бөлісті. Азаттық Радиосының белорус қызметінің тілшісі Анна Соусьтің жарты жыл бойы жинаған сұхбаттары Мәскеуге қатысты ашу-ыза мен байсалды прагматизмнен, шынайы сүйіспеншілік және құштарлыққа дейінгі түрлі сезім спектрінен тұрады.

«Ресейдің философиясы Украина тек Ресеймен бірге, дәлірек айтқанда Ресейдің қарамағында болу керек дегенге саяды. Олар үшін тәуелсіз, дербес Украинаның болуы мүмкін емес", – дейді Украинаның тұңғыш президенті (1991-1994 жылдар) Леонид Кравчук. Ол сөз жүзінде барлық посткеңестік республикалар болашағын енді өздері айқындайды делінгенімен, іс жүзінде Мәскеудің Кеңес Одағы тараса да, Украинаның ресейлік ықпалдан шықпауын талап етіп, өзіне талай мәрте қысым жасағанын еске алады.

Посткеңестік елдердің бұрынғы басшыларының көпшілігі горбачевтік қайта құру және Борис Ельциннің президенттігі кезінде туған Ресейдің еркін әрі демократиялық ел болатынына деген үміттерінің Путиннің билікке келуімен ақталмағанын күйінішпен айтады.

Жобаға Асқар Ақаев, Витаутас Ландсбергис, Нино Бурджанадзе, Роберт Кочарян, Петром Лучинский, Станислав Шушкевич, Виктор Ющенко және тағы басқа бұрынғы посткеңестік елдердің басшылары қатысты.

Абай-ақпарат

0 пікір