Жұма, 22 Қараша 2024
Саясат 10959 1 пікір 16 Ақпан, 2016 сағат 18:11

НАЗАРБАЕВ: КЕЙБІР ЖІГЕРЛІ ШЕНЕУНІКТЕР ЖҰРТТЫ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУГЕ МӘЖБҮР ЕТПЕКШІ

Алматы қаласында іссапармен жүрген Президент Н.Назарбаев мемлекеттік тіл мен орыс тіліне қатысты пікір білдіріп, ғаламтор мен әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың тарапынан сынға ұшырады.

«Кейбір жігерлі шенеуніктер алға озып, баршаны ертең қазақ тілінде  сөйлеуге мәжбүр етпекші. Орыс тілінде сөйлейтін адам әлдебір кеңсеге барып, орысша сөйлесе, қазақша жауап алады екен. Кім рұқсат етті? Қазақстан заңдарының бұзылып жатқанын прокуратура неге қадағаламайды? Егер сұрақ орысша қойылған болса, оған ол орыс тілінде жауап алуы тиіс!»

Президент өз сөзін «Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бұл біздің елдің кемшілігі емес, артықшығымыз» дей келіп: «Көптеген Президенттер бір тілде сөйлейді. Путин орыс тілінде, Түркия Президенті түрікше. Ал мен қашан да екі тілде сөйлеймін. Маған бұл ұнағаннан емес, барша халық менің айтқанымды түсінгенін қалаймын. Президент аппаратына тапсырамын: барлық облысты тексерсін! Орысша сөйлеген адамға қазақша жауап қатқан қызметкер жария түрде жұмыстан шығарылсын! Өйткені, бұл заң бұзушылық!» - деп қадап атты.

Сөзбе-сөз осылай. Бәрі түсінікті. Тек мұның астарында қазақша сөйлесең, қазақша жауап аласың деген де тұспал жатыр. Осыны медет қылдық... Осы ретте Заң бойынша, қазақша сөйлеп, қазақша жауап алуға да толық құқылы екенімізді ескертеміз!

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297