Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3559 0 пікір 15 Ақпан, 2016 сағат 16:00

ЕХРО-ҒА ТАҒЫ МИЛЛИАРДТАҒАН ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ

EXPO-2017 нысандарының құрылысын аяқтау үшін бюджеттен 85 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. Бұл туралы үкімет отырысы барысында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Тағы бір міндет - EXPO-2017 және Универсиада-2017 нысандарының құрылысын тезірек аяқтап, "Нұрлы Жол" Мемлекеттік бағдарламасының инфрақұрылымын жүзеге асыру. Осы жобаларды өз уақытында жүзеге асыру үшін 194,5 миллард теңге бөлу жоспарланып отыр", - деді Досаев.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, EXPO-2017 нысандарын өз уақытында тапсыру үшін 85 миллиард теңге, оның ішінде: IT инфрақұрылымына және басқа да шараларға 60 миллиард теңге, көрме аумағында орналасатын сауда орталықтарын және тұрғын үй құрылысын аяқтауға 15 миллиард теңге, сонымен қатар, Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы құрылысын аяқтауға 10 миллиард теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, Алматыда Универсиада-2017 шарасын өткізуге 33,6 миллиард теңге, оның ішінде: 3 мың және 12 мың адамға арналған екі Мұз айдынын аяқтауға 10,9 миллиард теңге, 4,8 миллиард теңге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын қалпына келтіруге, 17,9 миллиард теңге Универсиада-2017 жобасын өткізуге жұмсалады.

Абай-ақпарат

Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/EXPO-2017-nyisandaryinyin-kuryilyisyin-ayaktau-ushn-267994/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525