Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3522 0 пікір 15 Ақпан, 2016 сағат 14:53

СЕМЕЙДІҢ ҚАРАЖАТЫ ӨЗІНДЕ ҚАЛАДЫ

Семей қаласының салықтан түсетін бюджеттік кіріс бөлігі биыл толығымен қаланы көркейтуге, дамытуға жұмсалмақ.

Бұл негізінен Марат Құрманбай бастаған облыстық мәслихат депутаттарының өткен жылдың соңында жасаған ұсынысы бойынша жүзеге асып отыр. Яғни, облыстық бюджетке салықтан түсетін соманың 13-тен 24 пайызға дейінгі көрсеткішін (1 млрд. 800 млн.теңге) қала қазынасында қалдыру туралы семейлік депутат М.Құрманбайдың көтерген мәселесі облыстық әкімдік тарапынан қолдау тапты.

Жақында өткен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің есеп беру кездесуіне арнайы қатысқан Даниал Ахметов енді осынау қаржының қалалық әкімдік тарапынан дұрыс игерілуін қаладағы ықпалды, іскер азаматтар да назарда ұстауы қажеттігін атап көрсетті. Семейдің орталық көшелеріне ағаш отырғызу, орталық алаңдағы субұрқақтың пайдалануға берілуі, веложолдар төселіп, үш балалар және екі спорт алаңдарын салу осы қаржыға жоспарланып отыр. Сонымен қатар қаланы дамыту мақсатындағы өзге де игілікті істер семейліктерді қуанышқа бөлейтін болады.

Сәтжан Қасымжанұлы, Семей қаласы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1439
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3015
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1080
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1008