Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5210 0 пікір 30 Желтоқсан, 2015 сағат 11:42

МОЛДОВАДА ИТАЛИЯ ЕЛШІСІНІҢ КӨЛІГІН ҰРЛАП КЕТТІ

ABC News молдавалық полицейлердің сөзіне сүйене отырып, Кишиневтегі елшіліктен итальян елшісіне тиесілі Alfa Romeo көлігі ұрланғанын хабарлады.

Кишинев полициясының баспасөз хатшысы Наталья Стати бақылау камералары елші Энрико Нунциатаның резиденциясына сейсенбі күні таңертең кірген адамды түсіріп алған. Ол есіктің терезесін сындырып шығып кеткен.

Стати тонау кезінде үйде ешкімнің болмағанын, елшінің резиденциясында күзет қойылмағанын хабарлады.

Баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, әдетте резиденцияларға күзет қойылады. Ғимаратты күзетуге жауапты тұлғалар әзірге қандай да бір түсініктеме бермей отыр. Бұл қылмысы үшін қылмыскер 12 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.

Abai.kz         

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 983
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2516
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 687
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 658