ӨЗБЕКСТАНДА ТМД-ДАҒЫ ЕҢ ІРІ ТҮРМЕНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ
Өзбекстандағы жергілікті БАҚ қаржының жетіспеушілігінен Тәшкент облысы Зеңгі ата ауданындағы түрме құрылысы тоқтады деп хабарлайды.
Ол халықаралық талаптарға сәйкес болатын, ТМД-дағы ірі түрме болады деп күтілген.
Алайда шілде айында БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жиынында Өзбекстан өкілдері халықаралық талаптарға сәйкес келетін тергеу абақтысы салынып жатыр деп жариялаған болатын.
Озодлик радиосы өзбек қызметінің Тәшкент облысындағы түрмелердің бірінде жұмыс істейтін ақпарат көзі жаңа түрмеге №18 колонияны көшірмек болған дейді.
Бүгінгі күні Өзбекстан түрмелерінде жазасын өтеуші қанша адам бары белгісіз.
2013 жылы Өзбекстанның Жоғарғы сотының сол кездегі төрағасы болған Буритош Мустафаев әрбір мың тұрғынға 166 жазасын өтеуші келеді деп мәлімдеген.
Abai.kz