Жексенбі, 10 Қараша 2024
Қоғам 6345 0 пікір 23 Желтоқсан, 2015 сағат 14:39

БАЛАСЫН БАСШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАДЫ

Жақында қазақстандық “Цеснабанк” АҚ директорлар кеңесінің жаңа басшысы сайланды. Астана қаласының қазіргі әкімі Әділбек Жақсыбековтың иелігіне тиесі «Цесна» империясының  ендігі төрағасы – әкім мырзаның баласы – Дәурен Әділбекұлы Жақсыбек.  Бұл туралы  NUR.KZ сайты forbes.kz басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Директорлар кеңесінің жап-жаңа төрағасы Дәурен Әділбекұлы  2015 жылдың 14-ші желтоқсанынан бастап қызметіне кіріскен.

Әкесі әуектеткен Дәурен мырзаның есімі есіл жұртқа онша бір танымал емес те. Біз білетін деректерде Дәурен Жақсыбек 2000 жылы АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы «AU» Американ университетін «халықаралық қаржы және маркетинг» мамандығы бойынша бітірген. Сонан кейін, 2002 жылы New York University-ді “несиелік сарапшы” мамандығы бойынша тәмәмдап, Қазақстан заң университетінен заңгер мамандығы бойынша білім алған екен.

Дәурен Әділбекұлы “Цесна” корпорациясының үлесіне иелік етеді. Сондай-ақ ол Астанадағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің төрағасы. Дәурен Жақсыбек  Қазақстандағы үздік кәсіпкерлердің рейтингісінде 12-ші орыннан көрінген.

“Цесна” қаржылық холдингінің” жалғыз акционері – “Цесна” корпорациясы. Оның 70 пайызы Әділбек Жақсыбековке тиесілі болса, қалған 30 пайызына Жақсыбековтің ұлы Дәурен, інісі Серік Рыскелдіұлы, әкелі-балалы Мещеряковтар және Нұржан Тұрғымбаев иелік етеді.

«Цесна» империясының корольі һәм Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков мырза жаңа тағайындаған «төраға - ұлына» үлкен сенім артып отырса керек. Мұндайда көршілеріміз: «Как бы посмотреть» дейді. Сол «посмотреттің» пошымымен айтар болсақ, «Империя» папасы өз баласын өз банкіне төраға етіп тағайындауының астарында үлкен жоспар жатса керек. Қалай болғанда да, бұл тағайындау Жақсыбековке жаққанымен, кезі мен сәті келгенде «пацан» папаның сенімін ақтай ала ма? Жалқы сұрақ...

Мәселені екінші жағынан қарайтын болсақ, Жақсыбековтың «жақындық» қатынастары арқылы балаларды басшылық қызметтерге тағайындап жатқан сияқты.

Осының алдында Астан әкімі  Ақмола облысы басшысының баласын, Елбасы айтқандай, аузынан ана сүті кеппеген Павел Кулагинді аудан әкімі етіп тағайындаған болатын. Ол кезде астаналақ элита «Кулагиннің Пашкасы Жақсыбековке несімен жақты» деп, алатайдай тулаған еді.

Осы жолы сол тағайындаудың түйіні белгілі болғандай.

Бұл екі тағайындаудың да астарында Жақсыбековтың отбасылық бизнесімен байланысты болса керек. Жақсыбековтың иелегіндегі «Цесна» империясы арзан астыққа қатты зәру. Ал Кулагин Қазақстандағы ең ірі астықты облыстың тізгіншісі һәм ірі жер иеленуші латифундист. Енді, қалжырағандар қалыста тұрып қарекет етсе, Пашка мен Дәукең әкім әкелерінің сенімдерін ақтау үшін талаптанатын болады. Балалардың білімі жоғары. Енді істе көрейік.

Түйін: Иманғали Тасмағамбетов Астана әкімі болып тұрғанда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Аузынан  ана сүті кеппеген балаларды басшылық қызметке тағайындайсыңдар» деген жалпы сын таққан еді. Әттең-айда, Елбасының сынынан сабақ алғандары шамалы болыпты.  Қайран сөзім қор болды-ау...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1158
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2636
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2669