Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 5535 0 пікір 18 Желтоқсан, 2015 сағат 15:35

БОРАТТАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ?

Боратты еске алғымыз жоқ, шынымызды айтсақ. Өзімен кетсін.
Біз одан құтылғымыз келгенмен, ол бізден айырылмай қойды, алайда.

«Қазақстан – Борат». «Борат – Қазақстан». Бұлар бір ұғымға айналып кеткен əлдеқашан. Мойындағымыз келмесе де, əзіргі əлем Қазақстанды Борат арқылы таныды жəне Борат арқылы біледі. 
Күледі. «Борат, Борат» дейді. 
Америка мен Ұлыбритания тұрғындары бізді Ауғанстанмен шатастырады екен, шын болса. Ол жаққа барып келгендер сүй дейді. Бізді білмейді, демек. Мүлде білмейді. Тіпті картадан көрсете алмайды. Жоқ, рас.
Бірақ, Боратты біледі. Біздің имиджді осы Борат қалыптастырып қойған, баяғыдан-ақ. Анығы осы. Ақиқаты да осы.

Бораттың түсірілгеніне 10 жыл болды ма, болмады ма? Мəселе онда емес. Мəселе: осы уақыттың ішінде біз Бораттағы Қазақстан мен шын өмірдегі Қазақстанның мүлде сəйкеспейтінін, сорпасы қосылмайтынын дəлелдей алмадық.
Қазақстанды білмейтіндерді сауатсыздығы үшін сөге алмайсың.
Білмейтіндер білетіндей, естімегендер еститіндей ештеңе атқармаппыз осы 25 жылда (біз солай ойлаймыз, сіз басқаша ойлауыңыз мүмкін).
Азиада? ОБСЕ? Тағы не? Қазақстанның имиджін көтереді деген бірде-бір шара Бораттың шаңына ілесе алмады. Өкінішке орай. 
Борат неге біздің қыр соңымыздан қалмай қойды? Біз одан қалай құтыламыз? 
ЭКСПО? Сіз бұған сенесіз бе? Біз сенбейміз. Экспо басталмай жатып сəтсіздікке ұшырады. Басшысы жеді, қосшысы да солай. Əлі басталмаған көрменің имиджі бүлінді, осылай.  Бұл жаман ырым, негізі.
Көрменің жұмысына жауапты адамдар Назарбаевтың алдында бастаған істің берекесі кеткенін, былайша айтқанда түк бітірмегенін білдіріп қойды. Кімнің келетіні, кімнің қатысатыны белгісіз екен, əлі күнге дейін. 
Мұндай Экспо Қазақстанның атын қай жағынан танытуы мүмкін? 
Танытты: Эксподағы жемқорлық Қазақстанның «қаптесерлер мемлекеті» екенін тағы мәрте дəлелдеді.
Белгілісі, біздің ел Борат деген лақап аттан арылған күні əлем де басқа Қазақстанды танитын болады.  Ал əзір...
Ал əзір біз əлемнің аузына қақпақ қоя алмаймыз. 

Борат ше? «Ол тапсырыспен түсірілген дүние» дейді. «Шетел асқан қазақ оппозиционері қаржыландырыпты-мыс...». «Сайқымазақ сценарийді де жазып шыққан соның өзі», –дейді ұзынқұлақ. Өшігіп жазған, қаралағысы емес, масқаралағысы келген. Кім білген?  Солай болуы да мүмкін, біздіңше.
Бірақ бұл да маңызды емес, ендігі жерде.
Борат деген лақап аттан қалай арыламыз? Борат емес екендігімізді  қалай дəлелдейміз? 
Тапсырыс берген адам бар болса (көзі тірі болса) хаостағы Қазақстанның қазіргі күйін көріп-біліп, бақылап отыр. «Жемқорлар мемлекеті». «Əлемдегі ең дарақы ел», «Шалақазақстан»...
Тапсырыс берген адам шынымен де бар болса, ол бұл мүмкіндікті құр жібермейді. «Борат – 2» алғашқысынан да сорақы шығуы мүмкін.

Думан БЫҚАЙ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475