Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3180 0 пікір 14 Желтоқсан, 2015 сағат 14:46

ҚАЗАҚСТАН АУЫР АТЛЕТИКА БОЙЫНША РФ ПРЕЗИДЕНТІ КУБОГЫНДА 2-ШІ ОРЫНДЫ ЕНШІЛЕДІ

Шешен Республикасының астанасы Грозныйда 5-ші халықаралық  РФ Президентінің Кубогы бәсекесі аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық құрама қанжығасында 5 медаль және командалық есепте 2-орынға жайғасты. Бұл туралы «Абай» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші орында турнир иесі - Ресей құрамасы, көшбасшылар үштігін АҚШ командасы түйіндеді.

ҚР Ауыр атлетика федерациясы  205 келіге дейін санатта біздің екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильинге тең келетін ешкім болмағанын хабарлады. Ол алтын иеленіп, екі әлемдік рекордты  (серпе көтеру және қос сайыс нәтижесінде) жаңартты. 2015 жылғы әлем чемпионы Александр Зайчиков екінші орын алды.

94 келіге дейінгі санатта Қазақстаннан төрт спортшы үздік атағына таласты.

Салмағы  394 (175 +219) келі зілтемірді көтеріп, екі жаттығу жиынтығында күміс медальді Денис Ұланов алды.   397 (178+219)  келі нәтижемен ресейлік Адам Малигов бірінші орын алды.   Екі дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің тәрбиеленушісі - Рустем Сыбай    378 (166+212) келімен төртінші орынды иеленді.  Қазақстаннан екі спортшы  - Ермек Өміртай (350)  мен Семен Линдер (312) 9-шы тиісінше 12-ші орынға жайғасты.

Бір әттеген-айы, жерлестеріміз Илья Илин мен Александр Зайчиковтар жеңіс тұғырына көтерілген сәтте ұйымдастырушылар  Қазақстанның ескі гимнін ойнатты.

Abai.kz

0 пікір