Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4666 0 пікір 14 Желтоқсан, 2015 сағат 12:25

АСҚАР ТАУДЫҢ АЙБЫНЫ

 

 Асқар таудың айбынды,

Алып шыңы құлады.

Жоқтау айтып қайғылы,

 Сан  бұлақтар бұлады.

 

«Кек» қайнаған далада,

Сыңсыды тек құм әні.

«Үркері» ауып аспаннан,

Тарқады «Елең-алаңы».

 

«Бір шөкім бұлт» үйіріліп,

«Шеткері үй» жаққа жай түсті.

Кешегі тартқан арқанды,

«Бәйге торы» қайта үзді.

 

«Күй» шертіп қалды бір жігіт,

«Шыңыраудың» басында.

«Ең бақытты күн» де өтті,

«Ханша дария»  қасында.

 

«Бір шоқ жиде» түбінде,

«Құс қанатын» қайырып,

«Керек адам» жүр ме екен,

«Есболайын» сағынып.

 

«Ақырғы аялдама» да,

«Галстук сатушы қыз» да тұр,

«Міне керемет» деген –

«Көлденең көк атты» да жүр.

 

«Шандозы» кетті жеткізбей,

Бітті «Аңыздың ақыры».

Қоштасып қалды көз жазып,

Жиырма бірінші ғасыры.

 

Қайрат Мәлікаждар, Көкпекті 

Abai.kz

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5536