Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5691 1 пікір 11 Желтоқсан, 2015 сағат 13:19

ДҮРБЕЛЕҢ КІМГЕ КЕРЕК?

Соңғы уақытта қоғамда саяси ширығу байқалып, жәй жүрген адамдардың өзі мазасыздана бастады. Әлеуметтік желілерде "Арандатудан сақ болайық. Қара су мен нанымыз болса да, өлмеспіз. Шүкір қылайық. Ел тыныш, жұрт аман болсын" дегендей пікірлер жазып жатқандар да бар. 
Сонда бұл неден? Елді үрейлендіру кімге керек? Шынымен де, қандай да бір төніп тұрған қауіп бар ма? 

Жоқ! Ешқандай төнген қауіп жоқ! 
Иә, теңге қатты құлдырады. Барлық зат қымбаттады. Соның салдары болса керек, бірнеше адам өзін өзі өртеді, топтасып биіктіктен секіріп те өлді. Бірақ, жалпы қоғам тыныш еді. Осы тыныштықты "қорқақ - бірінші жұдырықтайды" дегендей, биліктің өзі бұзды. Оның үстіне қорқақтың арты былғаныш болса, "қос көрінеді", екен, реалды емес, виртуалдық өмірдің батырларын өздеріне төнген тажал деп ұғып, бірінен кейін бірін түрмеге тықты. Енді біреулерін тергеуге алып, үйіне тінту жүргізді.
Нәтижесінде әлеуметтік желіде қалған виртуалдық "батырлар" жазылған постқа лайк басуға қорқатын болды. 
Бұл жерде ұры билік "артық қыламын деп, тыртық қылған" жайы бар. Өйткені халық бүгінді өткен ғасырдың 37-ші жылымен салыстырып отыр. 
Негізінде, "кризис!, кризис!" деп, Құдайдың құтты күні қақсап, тыныш жатқан елді өздері шулатып, сол шуға үн қосқан азаматтарды қудаламағанда, ештеңе де жоқ, халық тыныш, өз шаруаларымен жүре берері анық еді. Олай етпеді. Биліктің өзі "дағдарыс" деген дабыл қағып, елді "оятты". "Не болып қалды? " деп, сол дабылдан оянғандарды, "неге ояндың" деп, тағы жазғырды, қудалады, қамады! Міне біздің "данышпан" ел басшыларының ақылдары жеткен жері осы. 
Не болмаса бұл, билікте отырған бір қаскөйдің, елде қасақана дүрбелең туғызуға бағытталған, саналы түрде жасаған жымысқы саясаты! Бұл да мүмкін. Себебі, басқа "майда- шүйде" қателіктерді тізбегенде, теңгені ойсырата құлдырату - қолдан жасалынып отырған шара! Валюта нарығына, заңға қайшы келетін - ірі жеке қаржы ойыншылардың (жеке тұлға) енуіне көзді жұма қарап, рұқсат беруінде. Олар қайта-қайта долларды арзанға алып, қымбатқа сатып отырды. Жағдай шектен шығып бара жатқанда ғана Ұлттық Банк іске араласты. Ал енді көптеген "эксперттердің": "теңгенің құнсызданғаны дұрыс" дегені - тапсырма. Тапсырмасы жоқтары түкті түсінбей сайрап жүргендер. Дәлелі: Саут Арабиясының ұлттық валютасы 60 жылдан астам уақыттан бері бірде бір рет (!) өзгеріске түспеген! Өткен ғасырдың ортасында долларға қатынасы қандай болды, дәл бүгінде сондай. Мұндай елдер жеткілікті. 

Сонда, әлгі қасгөйдің мақсаты не?
Ол "бір оқпен бірнеше қоянды атып алып отыр". Біріншіден, долларды алып, қайта сатып, арасындағы айырмашылықтан орасан мол қаржы тауып, қара халық кедейлене түссе, ол байыған үстіне байи түсуде. Екіншіден, ол Путиннің тапсырмасын орындап, теңгеден қазақты біржолата бездіріп, ортақ валютаға өз еркімен енуге мәжбүрлеп отыр! Менің ойым осы. 
Сонда "үш әріп" ел қамын ойлап шырылдап жүрген қарапайым ұлтшылдарды аңдып, жалған жала жауып, қамағанша, неге осындай сатқын қасгөйлерді таппайды? Жазаға тартпайды? Қоғамды шайқайтындар - өз күнін әрең көріп жүрген ұлтшылдар емес, ақшалары сабан, қолында билігі бар осындайлар емес пе? Бұлар қажет кезінде тапсырмасын орындайтын "сарбаздарды", тіпті жиһатшыларды да тауып, сатып алады. 
Әлде, бұл дүрлігу біздің бүгінгі биліктің өздерінің ісі ме? Ертең бәрін тонап, қалғанын сатып елден зытайын деген ниеті бар ма, а , құрметті "үш әріп"?

Ермек Нарымбаев, Серікжан Есенғосұлы және Болатбек Біләлов бостандыққа шықсын! Мақсат Ілиясұлы мен Ботагөз Исаеваны қудалау тоқтатылсын! 

Бүгінде (10.12.2015ж) Ермек пен Серікжанның кезекті, 4-ші, алдын ала тыңдау сотында болып қайттық. 

Геройхан Қыстаубаев

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522