Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Қайраткер 5666 1 пікір 9 Желтоқсан, 2015 сағат 15:30

АСТАНАДА Ж.ТӘШЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

ҚР Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнің ұйымдастыруымен көрнекті мемлекеттік қайраткер Жұмабек Тәшеновтың 100 жылдығы құрметіне арналған салтанатты іс - шара өткізілді. Бұл туралы abai.kz порталы  strategy2050.kz  сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Іс –шарада Ж. Ташеновтың өмірі мен қызметін зерттеушілер, туыстары және оның өмірі мен қызметі жайлы әңгімелеп берген өзге де қонақтар болды. Сонымен қатар салтанатты іс – шара аясында қазақ сахнасының шеберлері, сонымен қатар Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық – драма театрының әртістері өнер көрсетті. Бұдан басқа,  кеш қонақтарына Ж. Ташеновтың өмірі жайлы видеофильм көрсетілді.

Сонымен қатар Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасуындағы тарихи маңызын ашып көрсеткен Ж. Тәшеновтың өмірі мен қызметі жайлы жазылған кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қарапайым ауыл жігітінен КСРО жоғарғы кеңесі президиумының төрағасы қызметіне дейін көтерілген Ж. Тәшеновтың тұлғасының қалыптасуы жайлы энциклопедиялық мәліметтер келтірілген, сондай-ақ  оның өмірбаянын зерттеушілердің кітаптары келушілерге көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, Жұмабек Тәшенов кезінде Кеңес одағын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұрған Н. Хрущевтың «бөліп ал да, билей бер» деген әпербақан саясатына қарсы тұрып, бабаларымыз аманат етіп кеткен қазақтың қасиетті жерін қорғап қалған ұлт қайраткерінің бірегейі. Ол сол кездегі партиялық-репрессиялық саясатқа білімі мен біліктілігін, ұлттық намысы мен парасаттылығын қарсы қоя білген тұлға.

Жұмабек Тәшенов кім еді?

Тәшенов – ерлігі еленбеген халық қаһарманы!  

 Иә, Жұмабек Тәшенов әсіресақ, қосүрей заманда билікке келсе де, Компартиялық иерархияның бұралаң баспалдақтарымен көтерілуді ғана көздеген шенқұмар басшы, қара басының қамын ғана күйттеген көп шенеуніктің бірі болмай, ұлтын сүйген аяулы азамат, ұлттық қаһарман деңгейіне көтеріле білді. Қазақ жерінің тұтастығы үшін азуы кереқарыс КСРО басшыларымен қасарыса күресіп, айтқанын орындата білді. Ұлттық құндылықтар мен ұлт мүддесі үшін биік мансап пен қарақан басының, отбасының, әулетінің, ұрпағының рахатынан бас тартты. Есесіне алтынға да, ақшаға да сатып ала алмас халқының, елінің, ұрпағының ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөленді.

Десе де, Тәуелелсіз елдің жалтақ билігі  Тәшеновке бағасын берді ме? 

Иә, қарапайым халық тарапынан Жұмабек Тәшеновтің 100 жылдығына орай халық қалаулысының есімін мәңгі есте қалдыру бағытындағы нақты ұсыныстар көптеп айтылуда. Енді осындай қоғамдық пікірді билік қана емес, шынайы халықтың партиясы болуға ұмтылушы «Нұр Отан» партиясы шындап қолға алып, қазірден бастап қызу дайындыққа кіріссе, нұр үстіне нұр болар еді.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2946
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3295