Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4189 0 пікір 18 Мамыр, 2016 сағат 12:46

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕН ҚОРҚАТЫН ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «ЕҢБЕР ЕРІ» АТАНДЫ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.


О.О.Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Қазақстан президентінің Жарлығы:

Қаулы етемiн:

1. Отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.

2.  Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетсек, бүгін Олжас Сүлейменов 80 жасқа толды. Бұған дейін белгілі орыс ақынының бір сұхбат барысында “Қазақстан үшін толық тәуелсіздік үлкен қатер” дегені қоғамда наразылық тудырған еді.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489