Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Қырдағы әңгіме 5564 0 пікір 17 Мамыр, 2016 сағат 11:29

ЖЕР КОМИССИЯСЫ: БАТТАЛОВА ДА БАС ТАРТУЫ МҮМКІН

"Қазіргі кездегі комиссияның жұмыс істеу тәртібіне көңілім толмайды. Ондағы жеті-сегіз адамнан басқа комиссия мүшелерінің пікірлері бір-бірінен айнымайды. Премьердің орынбасарына есеп бергендей өздерінің жұмыстары жайлы айта береді. Комиссия құрамының жасақталуы, оның регламент процедурасы, дауыс беру рәсімі, дауыс беру арқылы көпшілікпен дауыс қабылданатындай жағдайы көңілден шықпайды" деді Зәуреш Батталова Азаттық тілшісіне.

Оның пікірінше, комиссияға белсенділер, әр аймақтан адамдарды кіргізу керек, ал шешім дауыс беру арқылы емес, консенсусқа келу арқылы қабылдануы тиіс. Зәуреш Батталова қандай да бір өзгеріс болмаса, комиссияның келісі отырысына қатыспайтынын айтады.

Қазақстанда жер мәселесі ушығып кеткен соң үкімет жанынан жер комиссиясы құрылған. Оның алғашқы отырысы 14 мамыр күні Астанада өткен. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев төрағалық ететін бұл комиссияға парламент депутаттары, үкімет мүшелері, саяси партиялар мен агробизнес, салалық қауымдастықтар өкілдері, ғалымдар мен қоғам белсенділері кірген.

Айсұлу Тұрсынбаева

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2946
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3295