Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2890 0 пікір 14 Мамыр, 2016 сағат 17:55

ЖЫЛДЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҒАШҚЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ

Бүгін «Астана» алаңында «Алматы қаласы маңында азық-түлік белдеуін дамыту» бағдарламасы шеңберінде Алматы облысының 16 аудан, 3 қала, «Жетісу Агро сауда» мен «Алматы» ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативтерінің қатысуымен биылғы жылдың алғашқы кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Биылғы жәрмеңкеге 170 тоннадан астам таза сұрыпты ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінген. Қала тұрғындарына  жалпы сомасы 111,2 млн. теңге болатын ауыл шаруашылығы тауарларының 50-ге тарта түрі ұсынылды. Оның ішінде 44,3 тонна ет өнімдері, 4,1 тонна балық еті, 13,9 тонна сүт және сүт өнімдері, 38,1 тонна картоп, 38,2 тонна көкөніс, 9,9 тонна алма мен жеміс-жидектер, сол сияқты бал, күріш, ұн, жұмыртқа, бакалея және басқа да өнім түрлері саудаға шығарылды.

Сондай-ақ, көктемгі жәрмеңкеге Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек барып қатысқан.

-     Алматы маңында азық-түлік белдеуін дамыту – Мемлекет басшысы алдымызға қойған үлкен міндеттердің бірі. Бұл бағытта біз қала басшылығымен бірлесіп жұмыстар атқарып келеміз. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу – азық-түлік белдеуін дамыту жолдарының бірі, - деп атап өтті А. Баталов.

Жалпы, азық-түлік белдеуін дамыту мақсатында Алматы облысында өсімдік және мал шаруашылықтары өндірістеріің көлемін арттыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, азық-түлікті сақтауға инфрақұрылым жүргізу, типтік және шағын отбасылық жылыжайлар жүйесін, сонымен қатар сүт-тауарлы фермалары мен мал бордақылау алаңдарын көбейту жұмыстары жүргізілуде.  

Abai.kz

 

 

 

0 пікір