Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4481 0 пікір 5 Мамыр, 2016 сағат 13:43

Украина елшілігі Киев тасына гүл себетін қойды

Жеңіс күні қарсаңында әлеуметтік желілерде Ресей билігінің батыр қала Киев тасын ескерусіз қалдырғаны жөнінде жазылған еді. Онда тек қарапайым азаматтардың гүл шоқтарын қойып жатқаны айтылған.

Осыдан кейін Украинаның Ресейдегі елшілігі украин туы түстес лентамен ораған гүл себетін Кремль қабырғасындағы батыр қала Киев тасына қойды. Алдын Кремль қабырғасындағы "Белгісіз сарбаз қабірі" ескерткіші жанындағы он екі батыр қала тасына гүл себеттері қойылып, тек Киев тасы ғана ескерусіз қалған. Осыдан кейін украин елшілігі арнайы барып, гүл себетін қойды деп хабарлайды дипломатиялық мекеменің өкілдері.

"Белгісіз сарбаз қабірі" деп аталатын мемориялды архитектуралық ансамбль Кремль қабырғасында 1966–1967 жылдары салынған. Онда гранит тасынан жасалған арнайы тастар бар. Тастарда Герман-Совет соғысына қатысқан әрбір батыр қаланың аттары қашалып, жазылған. Тастың ішінде сол қалалардың топырақтары қойылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364