Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3759 0 пікір 21 Сәуір, 2016 сағат 16:28

Порошенко ресейлік фильмдерге тыйым салды

Украина президенті Петр Порошенко 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін түсірілген ресейлік фильмдерді ел аумағында көрсетуге тыйым салатын заңға қол қойды. "Кинематография туралы" заңға енген өзгерістерді Жоғарғы Рада наурыздың аяғында қабылдаған.

Заңға енген өзгерістер бойынша, Ресейде 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетілген немесе түсірілген фильмдерді Украинада таратуға тыйым салынады. Заңды Раданың 237 депутаты жақтаған. Бұған дейін Украинада Ресейдің күш құрылымдарын насихаттайтын барлық фильмге тыйым салынған еді.

Заңға түсініктеме беретін жазбада: "Заң жобасы Украинаның ақпараттық саладағы қауіпсіздігін басқыншы ел пайдаланатын насихаттың кез келген түрін Украинада таратуға шектеу қою арқылы қорғайтын құқықтық тетіктерді жетілдіруді көздейді", – делінген.

Заң авторлары оның Украинаның ұлттық қауіпсіздігін күшейтетінін және қоғамдағы сепаратистік көңіл-күйді басуға көмектесетінін және мемлекеттің беделін көтеретінін айтады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1115
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2649
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 770
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 736