Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6719 0 пікір 20 Сәуір, 2016 сағат 16:11

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖОҚТАУШЫСЫ - ШИПОВСКИХТЕР

Министр Ерлан Сағадиев мырза қазақ мектептеріне үштілділікті енгізу үшін алашапқын болып жүргенде, Қазақстанды мекен-етіп жүрген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілден өзгені менсінбейтінін айтқаны көңіл жұбатары анық.

Министр мырзаның орта мектептерді, соның ішінде қазақ мектептерін үштілді аралас мектептерге ауыстыру туралы әңгімесін әуелі  «Abai.kz» порталы жазып, жұрт талқысына салған еді. Осыдан кейін әлеуметтік желілер мен түрлі қазақстандық БАҚ-та бұл тақырып қызу талқыланып, қоғам белсенділерінің наразылығын тудырғаны тағы рас.

Сонымен қазақ қоғамы үш тілділікке мұқтаж ба?

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде жаңа сайланған Мәжілістің ассамблеялық депутаты Генадий  Шиповских «Қазақстан-Заман» газетіне берген сұхбатында депутаттық қызметін еркін атқару үшін қазақ тілінен өзгесіне мұқтаж емес екендігін айтыпты.

Генадий Шиповских, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мен бұрын да айтқанмын, тағы да айтамын, депутаттық сауалды тек қазақша жолдаймын, керек адам аудармашы арқылы (құлаққа салатын арнайы құрылғымен) аударып тыңдай жатар. Бұған бас қатырғым келмейді. Мен тіл мәселесін көтеруде жалғыз болмаймын деп ойлаймын. Бақытбек Смағұл, Нұртай Сәбильянов, Бекболат Тілеухан секілді көптеген азаматтар Мәжіліс төрінде үнемі қазақ тіліне басымдық беріп жүр ғой. Бұл тұрғыда менің айтарым Ахмет Байтұрсыновтың «Тілі жоғалған елдің өзі жоғалады» деген сөзімен сарындас. Қазақ еліндегі барша жұртты ұйытып, ынтымағын арттырып отырған — қасиетті қазақ тілі! Оны сол ортада өсіп, жете түсінген мен айтпағанда кім айтады?

Сұхбатқа шақырған телеарналарға қояр басты талабым — мемлекеттік тіл. Сауалға сол тілде ғана жауап беруге дайынмын деп ескертемін. Бұл жерде өзімнің ана тілім — орыс тілін аяққа жығып беріп отырғам жоқ, керісінше, орыстардың да қазақша сөйлей алатынын, сол тілде ойланып-толғануға олардың да шама-шарқының жететінін көрсету. Өзге қандастарыма үлгі болу. Қазақ тілінің өркендеуіне өзімше үлес қосу. Қазақтың даласында туып, сол жерді басып жүргеннен кейін, барлық этнос өкілдері мемлекеттік тілді білуге міндетті! «Шын жыласа соқыр көзден жас шығады» деген сөз бар қазақта. Тіл мәселесі, шындап кетсек, ар-ұяттың өлшемі ғой! Дәл қазақтай мейірбан, қонақжай, ақылды, момын халық жер бетінде өте аз. Өзім соны қатты сезінемін. Жетімдіктің тақсіретін тартқанда маңдайымнан сипаған қазақ ұлтына қарыздармын. Сонда қазақ ұлтының бір қажетіне жараймын деп ант еткенмін. Қазір сол ұстанымды серік етіп келемін. Елбасының өзі халыққа Жолдауында "2020 жылға қарай барша қазақстандықтар қазақ тілінде сөйлейтін болады" деген ой айтты. Оған да санаулы жыл қалды. Сондықтан тіл мәселесінде талапты күшейтіп, Елбасына қолдау көрсетуді азаматтық парызым деп ұғынамын.

Ал Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы орта мектепті қазақ тілінде аяқтап шыққан студент Мадина Асланованың ұлты күрд болғанымен мемлекеттік тілге жүйрік. «Мен қазақ тілін мектеп қабырғасында үйрендім. Өз ана тіліммен қатар, Қазақстанның мемлекеттік тілін білуімді азаматтық парызым деп есептеймін. Менің замандастарымның көбі мен секілді қазақ тілін жақсы біледі. Мен өзім оқыған орта мектепте барлық білімді қазақ тілінде алып, университетке грантқа түстім», - дейді Мадина Искандерқызы.

;feature" type="application/x-shockwave-flash">;feature" />;feature" />

P.S. Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы Мадина Искандерқызы оқыған таза қазақ мектебі биылдан бастап аралас мектепке айналдырылып жатқан көрінеді. Бұл жөнінде бізге Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары хабарлады. Генадий Шиповских секілді депутаттың өзі қазақ тілінің болашағына алаңдап, депутаттық сауалды қазақ тілінде жасап жатқан тұста қарасайлықтардың бұл ісін қалай түсінуге болады?   

Айсұлу Тұрсынбаева

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443