Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 5989 0 пікір 20 Сәуір, 2016 сағат 10:39

САУАЛНАМА: РЕСЕЙ КСРО-НЫ ҚАЙТА ҚҰРУДЫ ҚАЛАЙДЫ

Ресейлік «Левада центр» зерттеу орталығының жүргізген сауалнамасының қорытындыларына сәйкес, РФ халқының жартысынан көбі «КСРО-ның» қайта құрылуын қалайтын болып шықты.


Аталмыш орталық бұндай сауалнаманы  2016 жылдың 25-28 наурыз аралығында жүргізген. Сауалнамаға 18 жастан асқан ресейліктер ғана қатысыпты. Ресейдің 48 аймағы мен 137 елді-мекенінде жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде респонденттердің 58 пайыздан астамы Кеңес одағының қайта құрылуын қос қолмен қолдап, армандайды екен.

Сауалнамаға қатысушылардың қалған 31 пайызы қылышынан қан тамызған «Қызыл империяның» қайта түлеуіне үзілді-кесілді қарсы. Аталмыш сауалнама барысында ауылдық және аудандық респондентердің 44 пайызы бұрынғы Сталиндік жүйені енді қайта жандандыру мүмкін емес екендігін айтса, тұрғындардың 56 пайызы «КСРО-ның» күйреуіне өкінетіндіктерін білдірген.

Сауалнама нәтижесінде бар болғаны 28 пайыз тұрғындар «Кеңес өкіметінің» қирауына қуанатындықтарын жеткізген екен.

«Левада центр» деректеріне сүйенсек, 2009 жылмен салыстырғанда есейліктер сапында «социалистік» жүйені аңсайтындар саны едәуір артқан. Тағы 51 пайыз респонденттер Кеңестік жүйені құлатпай, сақтап қалуға болатынын айтыпты.

Биыл біздің еліміз егемендіктің 25 жылын тойлайды. Аз уақыт емес, тегінде.  Әрине, тарих үшін қас-қағым сәт, бірақ адам ғұмыры үшін бір ұрпақтың есейіп, отау құратын шағы.

«Келмеске кеткен КСРО-ның» өзі түгілі бүгінде қазақ журналистері осы тіркестің өзін ұмыта бастаған. Тілдік қолданысынан шығып барады дейміз-ау, Алабөтен ойы бар адам болмаса, Тәуелсіздігімізді бөліп алған КСРО-ны кім еске алғысы келер дейсіз?! Бірақ...

Бірақ, сол КСРО-ның атын атау былай тұрсын, туын жалаулатып жүргендер жетеді бізде. Ертеңгі келетін Жеңіс күнінде гиоргиев лентасын тағып, таратушылардың арасынан қызыл туды қайта көтеріп шығатындар да табылады. КСРО-ның қызыл туы жүрген жерде Ресейдің ала туы да қасында ере жүретіні әдетке айналғалы қашан. Тәуелсіздіңтік тәтті исі танауына бармайтын, кесірлі кер қоғамды ынта-шынтасымен қалайтын «шовинистер» туралы осыған дейін жаздық. Әлеуметтік желілер мен кейбір «путиншіл» БАҚ-тарда қазақ қоғамының ортасына іріткі салып отыратын Тайшыбеков секілділердің бірсыпырасын «Abai.kz» порталында аттарын атап, түстерін түстеп көрсеттік те.

Өкінішке орай Құдай қосқан көршімізге қоқымдай арам пиғылымыз жоқ. Қос бірдей одаққа мүшеміз. Геосаяси жағдайларға байланысты Ресеймен интеграция жасап, серіктесіп отырған жағдайымыз тағы бар. Десек те, солтүстіктегі көршілердің қалауы геосаси әм экономикалық интеграция емес, «КСРО-ны» қайта құру болып шықты. «Орыстан досың болса,  айбалтаң қасыңда болсын» деген бабалар сөзінің жаны бар бүгінде. Әйтпегенде, «КСРО-ны» көксейтіндердің көршілеріне не істеп жатқанын көріп-біліп жүрген боларсыз. Грузия, Украина... Келесі кім?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445