Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 4106 0 пікір 19 Сәуір, 2016 сағат 13:39

ҚАРАҒАНДЫНЫҢ ЭКС-ӘКІМІ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚТЫ

Экс-премьер-министр Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталған Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сотталған Мейрам Смағұловтың  сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы туралы өтініші қанағаттандырылсын», - делінген Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының қаулысында.

Құжатта көрсетілгендей, М. Смағұловтың өтелмеген уақыты 5 ай 18 күнді құраған. Бұл мерзімге сот пробациялық бақылау орнатты.

Сот М. Смағұловтың тағайындалған жазаның жартысын өтегенін және бостандығынан айыру орындарында тәртіп танытқанын ескерді. 

Қаулыға сәйкес, экс-әкім Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/1 түзету мекемесінде жазасын өтеу кезінде шаруашылық қызмет көрсету жасағының абаттандырушы жұмысшысы болып жұмыс істеді. Жазасын өтеуші 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына арнап концерттер мен спорттық шаралар ұйымдастырғаны үшін мадақталғаны аталып өтілді.

Өтінішке шаруа қожалығы басшысының хаты қоса берілді. Фермер сотқа М.Смағұлов босаған соң оны өз мал өсіру фермасының басқарушысы ретінде жұмысқа алуға дайын екенін хабарлады.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеді және апелляциялық инстанцияға оған қатысты шағымдануға болады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3346
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6194