Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4367 0 пікір 19 Сәуір, 2016 сағат 09:09

Обама Путиннен Асадқа қысым жасауын сұрады

АҚШ президенті Барак Обама Сириядағы жағдайға алаңдайтынын білдіріп, телефон арқылы Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлескен. Бұл жөнінде Ақ үйдің баспасөз қызметі мәлімдейді.

Президент Обама Сирия билігінің оппозицияға қарсы шабуылдауын тоқтату үшін қысым жасау керек деп атап өткен. Екі ел лидерлері Сириядағы тараптардың шабуылдауын тоқтатып, қоршаудағы аймақтарды гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етуді міндеттеріне алған.

Президент Обама сонымен бірге президент Путиннен Украина шығысындағы соғыс әрекеттерін тоқтатып, Минск келісімінің орындалуы маңызды екенін де айтқан.

Кремль баспасөз қызметінің хабарлауынша, АҚШ президенті Барак Обама Сирия билігі тұтқынға алған америкалық Кевин Доусты босатуға ықпал жасағаны үшін Путинге алғысын жеткізген.

Ресейдің өтінішінен кейін Сирия билігі тарапынан босатылған америка азаматы Доус Мәскеудегі АҚШ елшілігіне жіберілген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1146
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2678
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 792
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 761