Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Мәйекті 6177 0 пікір 18 Сәуір, 2016 сағат 14:09

АҚШ ЕЛШІСІ БЕКЕТ АТАҒА ТӘУАП ЖАСАДЫ

АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі  Жон Крол мырза Қазақстанның киелі орындарын аралады. Бұл туралы елші мырза АҚШ елшілігінің «Фейсбук» желісіндегі парақшасында мәлімдеген.

Елші Жон Крол Қазақстандағы Бекет- Ата және Шолпан – Ата тарихи ескерткіштеріне барды. 

Бекет Ата және Шолпан Ата жер асты мешіттері Маңғыстау облысындағы қасиетті орындар болып саналады.

Сондай-ақ, АҚШ елшісі Жон Крол мырза Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінде барып, оқушылармен кездесу өткізген.

«Өздеріңізге сенімді болыңыздар, қиыншылық туындаған заманда, әрқашанда оны жеңіп, ары қарай алдыға ұмтыла алатындарыңызды есте сақтаңыздар», - дейді АҚШ елшісі Жон мырза.

Естеріңізде болса, АҚШ елшісі алғаш болып Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен қазақ тілінде құттықтаған еді. Енді қазақ халқы қасиетті деп санайтын рухани орталыққа тәуап жасапты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1199
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2725
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 853
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 810